- Advertisement -

Атышулы Тоқтар Төлешевтің қараусыз қалған аюы ауыр дерттен өліп қалды

69

- Advertisement -

Атышулы шымкенттік кәсіпкер, бүгінде уақытша қамауға алынған Тоқтар Төлешевтің аюы Шымкенттегі зоологиялық баққа өткізілген болатын. Алайда жыртқыш жануар жаңа мекенінде көпке шыдай алмады.

Атышулы Тоқтар Төлешевтің қараусыз қалған аюы ауыр дерттен өліп қалды

 

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шымкент зообағының директоры Нұрғазы Бұхарбаев аюдың өте ауыр халде жеткізілгенін айтты.

«Біз аюды сыра зауыты ауласынан алып келдік. Аюдың бауыр церрозы, жеңіл түрдегі қатерлі ісік ауруы бар екені анықталды. Аю әбден әбіржіп кеткен, жүндері де түсіп қалған болатын. Біз қанша тамақтандыруға талпынсақ та жеген жоқ. Бір айдай солай өтті. Емдеуге де тырыстық. Бірақ, болмады. Ақыры өліп қалды. Иелері қарамаған ғой…», — деді зообақ директоры.

Сыра зауыты қызметкерлерінің айтуынша, шамамен он жастан асқан жыртқыш аңды кәсіпкерге достарының бірі сыйға тартыпты. Қадірлі досының сыйынан қол үзгісі келмеген болу керек, кәсіпкер аюды Шымкенттегі сыра зауыты аумағында ұстаған.

Төлешев уақытша қамауға алынған соң оның зауытындағы аң мемлекеттік зообаққа өткізілді. Алайда оның ешбір құжаты болмаған. Тек оған «Маша» есімі беріліпті.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында кәсіпкер Төлешов арнайы операция барысында қолға түсіп, тінту кезінде оның жұмыс орны мен үйінен бірталай қару-жарақ, есірткі мен тыйым салынған діни кітаптар табылған болатын.

Бүгінде кәсіпкерге қатысты тергеу ісі аяқталды. Күні кеше ҰҚК өкілдері Төлешев билікті басып алмақ болған деп мәлімдеме жасады.

Ақпарат көзі: Nur.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support