Әлемнің 30 елінен келген мықтылар арасында Әйгерім файтинг бөлімінде үш жекпе-жек өткізіп, қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен жеңіп, алтын медальді иеленді. Жарыстың бірінші күні-ақ жеңіс тұғырына көтерілген спортшының құрметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны асқақ шырқалды.
Әйгерім Төреғожина – Атырау қаласындағы джиу-джитсу академиясының спортшысы. Ол М.Сүлейменов атындағы спорт кешенінде жаттығады. 2009 жылдан бері джиу-джитсу спортына ден қойған ол бүгінде бұл салада үлкен тәжірибе жинап үлгерді. Әйгерім – бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы.
– Париждегі дода оңай болған жоқ. Бірақ Әйгерім әр жекпе-жегінде шеберлігімен, жоғары дайындықпен өнер көрсетті. Оның бұл жеңісі еліміздегі джиу-джитсу спортының дамуына да серпін береді. Ендігі мақсатымыз – осы айдың соңында Иорданияның Амман қаласында өтетін Азия чемпионатында Қазақстанның намысын абыроймен қорғау, – дейді Әйгерімнің жеке жаттықтырушысы, облыстық джиу-джитсу федерациясының директоры Айбар Есенғалиев.
Оның айтуынша, бүгінде Атырада спорттың бұл түріне қызығушылық артқан. Ал Әйгерім сынды арулардың халықаралық аренада көк байрағымызды биіктен көрсетуі – өскелең ұрпаққа үлгі.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




