Нұржан Календеров құттықтау сөзінде «Alit Holding» ЖШС-нің жобасы өңір экономикасын әртараптандыруға, отандық өндірісті дамытуға және құрылыс саласының тиімділігін арттыруға серпін беретінін атап өтті.
Alit Қазақстанның құрылыс материалдары нарығында 1996 жылдан бері қызмет етеді. Жаңа екі өндіріс ошағы компанияның Тараз қаласындағы гипс өнімдерін шығаратын өнеркәсіптік алаңында іске қосылды.

Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт жылына шамамен 150 мың тонна өнім шығара алады. Бұл дайын өнім жыл сайын 70 мың пәтерді жөндеуге мүмкіндік береді.
Мәрмәр ұнтағын өндіретін желі компанияға шикізаттан бастап дайын құрылыс материалдарына дейінгі толық өндіріс циклын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнда жылына 120 мың тоннаға дейін өнім дайындалады.
Кәсіпорын басшылығының айтуынша, екі өндіріс желісіне салынған инвестиция көлемі 4 миллиард теңгені құрайды. Зауыт толық автоматтандырылған, бұл өнім сапасын арттыруға және бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал етеді. Жаңа желілердің іске қосылуы 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашады, ал дайын өнім еліміздің барлық аймағын қамтып, көршілес мемлекеттерге экспортталуы жоспарланған.
Айта кетейік, облыста құрылыс индустриясы қарқынды дамып келеді. Аймақтағы 130-дан астам кәсіпорынның табысты еңбегінің арқасында 2026 жылдың алғашқы екі айында өндіріс көлемі 15,6 миллиард теңгеге жетті.
2026 жылы өңірде 471 миллиард теңгеге 47 жоба іске асырылып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Облыстың инвестициялық қоржынында 2026-2029 жылдарға жоспарланған жалпы құны 5,6 триллион теңгенің 116 ірі жобасы бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар «Мөлдір бұлақ» акциясына белсене атсалысты
- 23 наурыз, 2026
Француз инвесторлары жел электр стансасының құрылысын бастады
- 19 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- Бүгін, 10:57
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- Бүгін, 10:51
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




