«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өңірде жол жөндеу бойынша 76 жоба іске асады

Өңірде жол жөндеу бойынша 76 жоба іске асады
AQ JOL
Биыл Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге барлық бюджет көздерінен 21,3 млрд теңге қарастырылып, 76 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

2026 жылы 2 көпір мен 3 теміржол өткелінің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ 7,6 шақырым көше жолы қайта жаңғыртылып, 167,6 шақырым автожол орташа жөндеуден өтеді. Аталған жұмыстар облыстық маңызы бар жолдардың 26,2 шақырымын, аудандық маңызы бар жолдардың 20,1 шақырымын және елді мекен көшелерінің 128,9 шақырымын қамтиды.
 
Жалпы 76 жобаның 40-ы – 2025 жылдан өтпелі жобалар болса, қалған 36-сы – жаңа жобалар.
 
Бөлінген қаражаттың 3,2 млрд теңгесі жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады.
 

Ұқсас жаңалықтар