Ведомство басшысының айтуынша, бұл шешім жинақтарды пайдалану көлемінің, әсіресе жастар арасында күрт артуымен байланысты болып отыр. министрдің дерегінше, бүгінге дейін халық 5 триллион теңгеге жуық жинағын алған болса, соның бестен бірі – 20 мен 35 жас аралығындағы азаматтардың еншісінде. Сондықтан министрлік жинақтау жүйесін дамыту үшін талаптарды қайта қарауды жөн деп санайды.
– Жалпы 5 триллион теңгеге жуық қаражат алынды. Біз санаттар бойынша талдау жасадық, соның 1 триллион теңгеге жуығын жастарымыз, яғни 20 мен 35 жас аралығындағы адамдар алған. Осы тенденцияны ескере отырып, Еңбек министрлігі ең төменгі жеткіліктілік шегін көтеру қажет деп есептейді. Бүгінде елде 9,7 миллион жұмыс күші болса, соның 2,9 миллионы ешқандай аударым жасамайды. Ертең бұл азаматтар зейнетке шыққанда ең төменгі базалық зейнетақы – 35 мыңнан 80 мың теңгеге дейін ғана алады. Мұндай ақшамен өмір сүру қиын. Сондықтан шекті деңгейді ұлғайтуымыз керек, – деді Асқарбек Ертаев.
Қазіргі таңда министрлік жаңа шектерді есептеу бойынша Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте министр жаңа есептеу формуласының жобасын да түсіндіре кетті.
– Бұл шамамен сәуір айының ішінде қарастырылады. Егер өткен жылы менің зейнетақы шотымда 2 миллион теңге жиналса, биылғы ең төменгі жеткіліктілік шегі «2 миллион + 8 пайыз + 2 пайыз» болады. Шамамен 10 пайызға артады да, осы сомадан асқан бөлігін ғана алуға болады. Бұл барлық азаматқа ортақ формула болмақ, – деп түсіндірді ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі толық жойылмайтынын атап өтті. Жинағы жеткілікті азаматтар бұрынғыша емделуге немесе несиесін өтеуге пайдалана алады, бірақ талаптар бұрынғыдан қатаңдатылады.
Айта кетейік, Отбасы банк зейнетақы жинақтарын емделуге, соның ішінде стоматологиялық қызметтерге пайдалану мүмкіндігін қайта енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.
Ақерке БИҒАБЫЛ,
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті
Ұқсас жаңалықтар
Биыл су үнемдеу технологиясы қанша гектарға қойылады?
- 16 сәуір, 2026
Магистратураға - 200 орын, докторантураға – 12 орын...
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




