Ел жаңалықтары
7 жасар қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2025
- 3.0k
Астаналық жас шахматшы Абдул-Мәлік Қайрат Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында 7 жасқа дейінгі санатта мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Абдул-Мәлік Қайрат 7 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы атанды! Турнир бүгін аяқталады, бірақ жас шахматшы өз жеңісін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті, – делінген Қазақстан шахмат федерациясының ресми хабарламасында.
Оның басты қарсыласы – үндістандық Ом Еш Готтумукалуды бесінші турда жеңуі шешуші рөл атқарды. Сегіз турдан кейін Абдул-Мәлік 8 ұпай жинап, чемпиондық атақты алдын ала иеленді.
Бүгінгі күнгі жарыстың басқа 10 жас санатында да шешуші ойындар өтуде. Жеті санатта қазақстандық шахматшылар алтын медальға үміткер.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




