Таразда ҚАЖД мекемесінде суицидтің алдын алу мақсатында жиын өтті
- author «Ақ жол»
- 15 мамыр, 2025
- 1.9k
Басқосуға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев бастаған жеке құрам қызметкерлері қатысып, онда арнайы контингент арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бағытындағы тиімді тәсілдер мен психологиялық қолдаудың маңызы кеңінен талқыланды.
Мекеме писхологы Айгерім Саурбаева стрессті басқару, эмоционалды тұрақтылықты арттыру және өмірлік қиындықтарға тап болған адамдармен жұмыс істеу әдістері туралы айтып өтті. Ол өз сөзінде нақты жағдайларды мысалға келтіре отырып, дәл осындай күрделі сәттерде қолданылатын әдістерді көпшілік назарына ұсынды. Өз кезегінде жеке құрам қызметкерлері тақырыпты талқылауда белсенділік танытып, алдағы уақытта бұл бағытта бірлесе атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде мұндай шаралар кешенді түрде ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде, бұл шаралар қызметкерлердің біліктілігін арттырып қана қоймай, жазасын өтеуші азаматтардың психологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




