
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 8 миллиард теңгеге қалыптасса, ауыл шаруашылығында – 2,8, инвестицияда – 23,4 және сауда айналымында 3 миллиард теңгені құраған. Десе де, құрылыс жұмыстары өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 5,3 миллион теңгеге кем орындалған.
– Себебі 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шатыркөл кластерінде байыту фабрикасының құрылысына 7,9 миллиард теңге қаражат салынса, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында «KEGOC» акционерлік қоғамы – 430, «JVIKTOR NEW ENERGY» серіктестігі – 711,5, «Эко Бәйшешек» кәсіпорны – 780 және «Taraz Gelatin» серіктестігі 632,6 миллион теңге көлемінде қаражат салған. Қазіргі таңда мәселені шешу жолдары жан-жақты қарастырылуда, – деп түсіндірді Бақытжан Оразалыұлы.
Мұнан соң, аудан әкімі инвестиция тарту, жайылым мәселесі, каналдар мен жолдарды жөндеу, тұрғын үй құрылысы, ауыз су мен табиғи газ тарту, көшелерді жарықтандыру мен абаттандыру және көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Айта кетейік, аталған ауданда жол жөндеу жұмыстары бойынша биыл 32 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ал «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 23 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда Жаңақоғам ауылдық округінде екі жоба бастау алып отыр.
– Бүгінгі таңда аудан аумағындағы 7 елді мекеннің атап айтқанда, Балуан Шолақ, Абай, Сауытбек, Алға, Көккайнар, Жаңажол және Белбасар ауылдарының ішкі көшелері толығымен асфальтталған. Шу қаласында ұзындығы 204,2 шақырымды құрайтын барлығы 313 көше бар болса, оның ішінде 119 көше мүлдем асфальтталмаған. 2023-2024 жылдары 62 көшеге асфальт, 3 көшеге тротуар, 16 көшеге шағал тас төселді. Нәтижесінде, асфальтталған көшелердің үлесі – 2023 жылмен салыстырғанда 52-ден 61 пайызға жетті. Биыл ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 42 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, жөнделген көшелер саны 236 көшеге артады. Сонымен қатар өткен жылы көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 25 миллион теңге қаражат бөлінсе, осы жылға 70 миллион теңге қаражат қарастырылуда, – деді аудан әкімі.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді