
Айтқазы Дәулетқұлұлы 1966 жылы туған. Білімі – жоғары. 1999 жылы Талдықорған сыртқы заң институтын «Құқықтану», 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие», 2008 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс», 2014 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» (магистр) мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласындағы №54 Тұрғын үй пайдалану басқармасының инженер-технигі болып бастаған.
Әр жылдары «Хаир Ихсан» қайырымдылық қоғамының меңгерушісі, директор орынбасары, «Тигро Хауд» сауда-өндірістік қауымдастығы бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары, Тараз қалалық сауда, шағын және орта бизнес басқармасының бастығы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Жамбыл облыстық жергілікті бюджеттерге алымдар және жекелеген салық төлемдерін жинау агенттігінің директоры, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Жуалы ауданының әкімі, «Оңтүстік» ӘКК» АҚ ҰК» өкілдігінің Жамбыл облысындағы директоры, Талас ауданының әкімі, «ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл облыстық өндірістік филиалы директорының кеңесшісі, «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ Тараз қаласының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы-бас мемлекеттік құрылыс инспекторы лауазымында еңбек етті. 2022 жылғы қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Ұқсас жаңалықтар
Мешіт салуға ниеттенген азаматтарға ақпарат
- 15 мамыр, 2025
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
- 15 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді