«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бағалай білсек бастағы бақты ұшырмай

Бағалай білсек бастағы бақты ұшырмай
Ашық дереккөз
Бағалай білсек бастағы бақты ұшырмай

Жеріне қол сап, жағадан жауы алсада,

Ұрпағы үшін күресті қайтпай жан сала.

Бабы да болмай бабалар өтті өмірден,

Сүргіндеп ылғи, қырғынды көріп қаншама.

 

Айырылып жерден, өмірдің көріп азабын,

Елім-айлап зар жылаған азалы үн.

Құлағымда қалып қойған жаңғырып,

Еркіндікті арман еткен қазағым.

 

Қырылып аштан қайғы мұң шарпып торлады,

Бір үзім нанға зар болып халық сорлады.

Нәубеттен солай, қазақтың аман қалғаны,

Тек тектілік, намысы болды қорғаны.

 

Еркіндік алып, жеткізіп қолға теңдігін,

Желбіреп туы, бөленді баққа ел бүгін.

Ғасырлап күткен арманға енді жеткізіп,

Алламыз қолдап бұйыртты бізге елдігін.

 

Басымыз босап қуаныш болды ел үшін,

Еліміз алды жеткізіп қолға жеңісін.

Бөлінбей енді, бұйыртсын бізге Тәңірім,

Егемен елдің жегізіп бірге жемісін.

 

Бірлікте болып, тірлікті жасап ысылып,

Көрсетсек үлгі, кетпейміз одан кішіріп.

Жан-жақа тартып, санасын улап ұрпақтың,

Бастағы бақты алмайық енді ұшырып.

 

Алауыз болмай бірігіп ұстап тұтқаны,

Дұрысы сол, бірлікті жөн деп ұққаны.

Бағалай білсек бастағы бақты ұшырмай,

Шындығы солай, қазақтың онда ұтқаны.

 

Жаңарып өмір, жарқырап қалдық жадырап,

Беремін десе қуантар Алла кәзір-ақ,

Аллаға шүкір, еркіндік алған ел болдық!

Қалмасаң екен осыдан енді ажырап.

ӘКЕМЕ

Өнеге – өнер, санаға сарқып құйып кең,

Өсірдің бізді көрсем деп ылғи биіктен.

Өмірден алған, барыңды беріп үйреткен,

Ақылың дария, не деген әке сүйікті ең.

 

Аталық жолды алсын деп бізге қадам ғып,

Өнеге бердің таңдатып жолды адалдық.

Алдыңа қойған мақсатың бәлкім сондағы,

Қайткенде бізді жеткізу болды адам ғып.

 

Бастауы болдың қайнарлы көзі бұлақтың,

Әңгіме қылсам айтылар мүмкін ұзақ тым.

Өргізіп ұрпақ жалғасын тауып өмірдің,

Үйленіп балаң, қызынды әке ұзаттың.

 

Тәрбиең таудай, өзіңмен әке мақтанам,

Саналы сөзің, санама қонған бақ маған.

Жетеді маған жұғысты етсе өреңді,

Өзіндей қылып әкелік жолды ақтаған.

 

Есенбек СӘТБАЕВ,

әнші-термеші, қазақ өнерінің қайраткері

Ұқсас жаңалықтар