
Әдеби кештің мақсаты – қаламгер Арғынбай Бекбосынның өмірі мен шығармаларын таныстыра отырып, көрермендердің кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Жараулы, әбден тері үгітіліп суытылған арғымақ тұлпардай жұтынып, сұңғақ бойын тік ұстап жүретін Арғынбай Бекбосын ел тәуелсіздігі жылдарында сан түрлі қыр-сырымен таныла түсіп, қазақстандық журналистиканың тарланбоз тұлғасы деңгейіне көтерілді. Сонымен бірге отыз жылға жуық Шығыс жұлдыздарының бірі – ұлы Омар Хаямнан бастау алатын рубаят түріндегі өлеңдерінің қазақ руханиятына орнығуына күш салды.
«Достық алаңы» атты кеште мектеп-гимназияның ағылшын пәнінің мұғалімдері жазушының шығармаларына кеңінен тоқталды. Шарада А.Мырзахмет жазушы А.Бекбосынның өмір жолы мен шығармашылығына және «Қылкөпір» кітабын таныстырып, негізгі мазмұны мен маңыздылығына жан жақты тоқталып өтті.
Сонымен қатар Н. Малхарова жазушының жетістіктері, марапаттары мен қоғамға сіңірген еңбектеріне тоқталып, оқушыларға түсіндірді. Арғынбай Бекбосын шығармаларында тарихи тақырыптарға ерекше ден қойған. Солардың бірі – «Төле бидің төрелігі» атты шығармасына Ж.Қолдас, «Нюрнбергтен бұрын» атты туындысына М.Ургенчова, «Өткелдегі шайқас» шығармасына Ұ.Сейдазым және Г.Өсербек жан жақты түсінік беріп өтті.
Кеш соңында жазушының қаламынан туған поэзиялық өлеңдерін мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Әсет Нұрымбек, осы жолдардың авторы, Зәуреш Баянова және Бекзат Сағындықова мәнерлеп оқыды. Иә, Алаш ардақтыларының мектебінен тәрбие әрі қуат алған Арғынбай Бекбосын өзінің өмірбаяндық тарихын халық жүрегінде адал жазып қалдырған, ардың жүгін арқалаған тұлға болып қалды.
Айгерім МАХАШЕВА,
М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі.
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді