ЕКІЖАҚТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Қазан айының ортасында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен жүргізген келіссөзде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қазақ-армян ынтымақтастығын мүлдем жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін айтты.
«Армения – еліміздің сенімді әрі уақыт сынынан өткен жақын серіктесі. Екіжақты қатынастар барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өткім келеді» деген Мемлекет басшысы биыл екі ел арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа 25 жыл толатынын атап өтті.
Өз кезегінде Ваагн Хачатурян Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін жеткізді.
«Қазақстан – біздің сенімді әрі достас серіктесіміз. Бұдан бөлек, екі ел арасындағы экономикалық байланыс табысты дамып келе жатқанын атап өткім келеді», – деді Армения Президенті.
Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты нығайтудың перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Президенті Ваагн Хачатурян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды.
АХҚО арқылы Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13 миллиард АҚШ долларынан асқан. Бүгінде мұнда әлемдегі 80-нен астам елдің 3200-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында Арменияның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы қызметтері мен сақтандыру салаларына маманданған 6 ірі компаниясы да бар.
Бұдан бөлек, АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитеті мен Армения Орталық банкі арасында Банк және сақтандыру қызметтерін, бағалы қағаздар нарығын қадағалау және реттеу саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалған.
ӨЗГЕ ЕЛДЕРМЕН ЫҚПАЛДАСТЫҚ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?
8 қазанда Мәскеуге жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысқан болатын. Мемлекеттер басшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, сондайақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ кеңістігінде сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Мемлекет басшысы 1991 жылы Алматы Декларациясының негізінде құрылған ТМД-ның әлеуетін беделді халықаралық ұйым ретінде одан әрі нығайту Қазақстан үшін басты басымдықтың бірі екеніне назар аударды.
Президент сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі екеніне назар аударды.
«Сауда-экономикалық кооперацияны кеңейту, капитал мен технологияның еркін қозғалысына жағдай жасау, климаттың сынқатерлерімен күресу – Шанхай ұйымының маңызды міндеттері. Өзара сауда-саттықтың артуы ШЫҰ кеңістігі үшін ортақ үрдіске айналып келеді. Мәселен, Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,5 пайызға өсті. Шанхай ұйымына мүше елдердің технологиялық базасы үлкен және экономиканың барлық маңызды секторларын дамыту үшін орасан зор нарығы бар. Арнайы салық, кеден және көшіқон режимдерінің әзірленуі аталған бағытта ілгерілеуге айтарлықтай септігін тигізеді. Осы ретте ШЫҰ аясында Экономикалық жеңілдіктер базасын құру туралы Қазақстанның ұсынысы өзекті болып қала береді», – деді Президент.
Президент әлем экономикасында тұрақсыздық белең алып тұрған жағдайда сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері ұдайы назарда болуға тиіс екенін айтып, Қазақстан үшін ТМД нарықтары қашанда маңызды екенін жеткізді. Еліміздің сыртқы тауар айналымының төрттен бір бөлігінен астамы осы нарықтың еншісінде.
«2023 жылы қабылданған көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы және инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісім сауда-экономикалық байланыстарымызды жан-жақты тереңдетуге ықпал ететініне сенімдімін. Сонымен қатар, өнеркәсіптік кооперация, кедендік реттеуді оңтайландыру, жаңа логистика тізбектерін қалыптастыру, цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша ықпалдастықты күшейту жұмыстарын жалғастырудың маңызы зор. Бүгінде жәрмеңке саудасына сұраныс жоғары. Осыған орай «Достастық жәрмеңкесі» атты мемлекетаралық бағдарламаны іске қосуды ұсынамын. Оның аясында ТМД елдерінің түрлі қалаларында жыл сайын сауда-саттықтың көрігін қыздыратын ісшаралар өткізуге болады. Алғашқы көрмені Қазақстанның ең көне қалаларының бірі – Таразда ұйымдастыруға дайынбыз. Бұл шаһар ежелде Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды торап болғандықтан «керуеншілер қаласы» деп те аталған», – деді Президент.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 қазандағы Түрікменстанға ресми сапары Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуден басталды. Президент қазақ-түрікмен ынтымақтастығы достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында қарқынды дамып келе жатқанына ерекше назар аударып, Түрікменстанға ресми сапарының мақсаты екі елдің стратегиялық серіктестігін жаңа деңгейге шығару екенін айтты.
«Сіздің еліңізбен ынтымақт астықты дамыту мәселесіне зор жауапкершілікпен қараймыз. Біз – стратегиялық серіктес елдерміз. Біз үшін Түрікменстанмен достық байланыс басты басымдықтардың бірі саналады», – деді ҚасымЖомарт Тоқаев.
Әңгімелесу барысында саяси, сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары егжейтегжейлі талқыланды. Бұдан кейін Қазақстан мен Түрікменстан президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.
«Түрікменстан – біз үшін туысқан ел әрі стратегиялық серіктес. Қазақстан – сіздің еліңізбен энергетика, көлік, логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастыққа қатысты барлық мәселе бойынша сенімді одақтас. Мұның алдағы уақытта да осы бағытта жалғаса беретінін атап өткім келеді. Әлбетте, біз Түрікменстанның халықаралық аренадағы бейтарап статусына құрметпен қараймыз. Сіздің еліңіз өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне өте елеулі үлес қосып келеді. Бұл ретте біз, ең алдымен, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында тығыз қарым-қатынас жасауға дайынбыз», – деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары саудаэкономикалық ынтымақтастықта айтарлықтай ілгерілеу бар. Сонымен қатар, Қазақстан Түрікменстанға экспорттың жалпы көлемін 80 тауар түрі бойынша 120 миллион долларға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді.
«Екі елдің ірі коммерциялық және ұлттық компанияларының күш-жігерін өнеркәсіп, құрылыс, логистика, байланыс және экономиканың басқа да салаларындағы нақты жобаларды іске асыруға жұмылдырған жөн деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның бауырлас Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті жанжақты өркендетуге бейіл екенін растады.
«Біз елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына айрықша мән береміз. Энергетика, көлік, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар секілді маңызды бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз», – деді Түрікменстан Президенті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды. Келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияны қабылдады. Сонымен қатар, екі елдің делегация мүшелері үкіметаралық, ведомствоаралық және өңіраралық деңгейдегі 20 құжатқа қол қойды.
Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар мен қабылданған екіжақты құжаттардың арасында Достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларация айрықша маңызға ие. Бұл құжатта бауырлас халықтарды жақындастыруға, қазақ-түрікмен қатынастарын мүлдем жаңа деңгейге көтеруге екі тарап та ниетті екені тағы бір мәрте расталды.
Сонымен қатар, 2027 жылға дейінгі тиісті Кешенді жоспар қабылданды. Бірлескен күш-жігердің арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 28 пайызға артып, жарты миллиард доллардан асты. Биыл да оң динамика байқалады.
Тараптар тауарлар номенклатурасын кеңейту және сауда-саттықты одан әрі өркендету үшін қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде келісті. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін, ең алдымен, бидай жеткізу көлемін ұлғайтуға болады. Елімізге экспортты арттыруға және біздің нарықта ұзақ мерзімге тұрақтап қалуға түрікмен бизнесінің де әлеуеті жетеді. Екіжақты тауар айналымын таяу келешекте бір миллиард долларға дейін жеткізуге болады. Қазақстан тарапы саудаэкономикалық мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін өңіраралық ықпалдастықты бірлесе нығайтуды ұсынды.
Тараптар экономиканың басты секторларында бірлескен кәсіпорындар құру перспективасын зерделеу жөнінде уағдаласты. Мәселен, энергетика саласындағы ықпалдастықты кеңейту басым міндет ретінде белгіленді. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеу бар. Қазақстан Түрікменстанның газ-конденсат кен орындарын игеру, сондай-ақ құбыр инфрақұрылымын кеңейту жобаларына белсенді қатысуға ниетті. Сапар барысында QazaqGaz компаниясы мен «Түрікменгаз» мемлекеттік концерні арасында газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойылды. Қазақстанның мұнайгаз компаниялары Каспий теңізінде мұнай сервисі қызметтерін көрсету үшін түрікмен әріптестерімен ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде көлік-транзит байланыстарына қолайлы жағдай жасалып жатыр. Осы ретте елдеріміздің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі тұрақты түрде артып келе жатқанын көріп отырмыз. Былтыр елдеріміз арасында теміржол арқылы тасымалданатын жүк көлемі 20 пайызға артып, 1,5 миллион тоннаға жуықтады. Бұл істе, әсіресе, «Солтүстік – Шығыс» көлік дәлізінің маңызды бөлшегі саналатын «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржол бағыты айрықша рөл атқарады. Бұдан бөлек, екі мемлекеттің ортасындағы «Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы» бағыты бойынша жол инфрақұрылымын бір-бірімен жалғау жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан» темір жолын салу перспективасы талқыланды.
Тараптар бұл тақырыпта нақты келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар, елдеріміз арасындағы әуе қатынасын тезірек қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыру келісілді. Бұл шаралардың бәрі екі ел арасындағы көлік қатынасын одан әрі нығайта түсуге оңтайлы жағдай туғызатын болады. 24 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өткен «БРИКС плюс» саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Мемлекет басшысы БРИКС өзара тиімді ынтымақтастыққа ниетті көптеген елдің назарын аударатын халықаралық ауқымдағы жаһандық орталыққа айналып келе жатқанын атап өтті.
«БРИКС даму тұрғысынан мол әлеуетке ие және түрлі құрлықтағы мемлекеттерді біріктіреді. Сондай-ақ, ынтымақтастықты нығайтып, ортақ ресурстарды барлық қатысушының игілігіне тиімді пайдаланады», – деді Президент.
Оның айтуынша, Қазақстанның БРИКС-ке мүше елдермен сауда-саттық айналымы қарқынды өсіп келе жатыр. Бұл көрсеткіш былтыр еліміздің сыртқы сауда көлемінің жартысына жетті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, сауда және инвестиция, ІТ-технология, аса маңызды минералдар, азық-түлік қауіпсіздігі, білім және туризм салалары өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттары саналады. 29 қазанда Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесіп, екі ел басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Моңғолия – Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Мазмұнды әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту перспективасына айрықша мән берді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, тау-кен және металлургия кешені, энергетика, көлік-логистика, қаржы салаларындағы қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
Ухнаагийн Хур элсух Қазақст анды Моңғолияның маңызды серіктесі, сондайақ Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір екенін атап өтті. Оның сөзінше, ҰланБатыр Қазақстанның экономикалық даму тәжірибесіне ден қойып отыр. Сонымен қатар, сауда, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, ғарышты зерттеу салаларындағы екіжақты жобаларды тиімді жүзеге асыруға айрықша мән береді.
Атап айтқанда, Ухнаагийн Хурэлсух Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел арасындағы тауар айналымын 500 миллион долларға дейін жеткізу туралы ұсынысын қолдады. Келіссөзден кейін мемлекеттер басшылары Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
«Жалпы, келіссөздер өте табысты өтті деуге толық негіз бар. Атап айтқанда, экономикалық қарым-қатынасты жандандыруға келістік. Қазақстан мен Моңғолия Азиядағы ірі елдер санатында. Сондықтан өзара сауда айналымы ауқымды болуға тиіс. Былтыр сауда-саттық көлемі 150 миллион долларға жуықтады. Бұл көрсеткішті көп ұзамай 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарда бар. Ол үшін алыс-берістегі тауар түрін көбейту керек. Сондай-ақ, экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді жою қажет. Екі ел үкіметі нақты шараларды қабылдайды. Бүгін Сауда-экономикалық байланысты арттыру жөніндегі жол картасына қол қойдық. Бұл құжат екі елдің достығын нығайта түседі, түрлі саладағы тиімді байланыстарды дамытуға тың серпін береді», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан мен Моңғолия халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз байланыс орнатқан әрі көптеген өзекті мәселеге қатысты ұстанымдары ұқсас. Айта кетсек, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жылдан асты. Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары соңғы рет осыдан 16 жыл бұрын болған еді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін қазан айының ортасында Исламабад қаласына барған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен кездесу өткізіп, екіжақты саудаэкономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық кооперация әлеуетіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 16 пайызға өсіп, шамамен 40 миллион АҚШ долларын құрады. Қолданыстағы әлеуетті ашу үшін тараптар тауар айналымын әртараптандыруды жалғастыруға ниетті. Қазақстан Пәкістан нарығына жалпы құны 490 миллион доллардан асатын 85 тауар түрі бойынша жеткізу көлемін арттыруға, оның ішінде жеткізілетін мұнайхимия, металлургия, химия, фармацевтика салаларының, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі мен машина жасау өнімдерінің номенклатурасын кеңейтуге дайын. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа назар аударылды.
Биылғы қаңтар-тамызда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемі екі есеге жуық өсіп, 7,7 миллион долларды құрады. Қазақстаннан әкелінетін көкөністер мен дәнді дақылдар Пәкістан нарығында сұранысқа ие. Биыл күтілетін жоғары өнімді ескере отырып, Қазақстан Үкіметі Пәкістанға дәнді дақылдар жеткізу көлемін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін арттыруға дайын. Екі ел сауда-экономикалық қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуді одан әрі жалғастырмақ.
Қазақстан Ауғанстанмен де саудаэкономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Қазан айының үшінші онкүндігінде Алматыда өткен «Қазақстан – Ауғанстан» бизнес-форумы аясында ауған тауарларының көрмесі ашылды. Атакент-Экспо» кешенінде ұйымдастырылған іс-шараға сол елдің 80- нен астам компаниясы тауарын ұсынған болатын.
Қазақстан Ауғанстанды Оңтүстік және Орталық Азия өңіріндегі маңызды әрі ажырамас серіктес ретінде қарайды. Екі ел арасында сауда саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеует бар. Атап айтқанда, Ауғанстанға астық пен ұн экспортын кеңейту және ауған жеміс-жидектерін, көкөністерді, кептірілген жемістерді және басқа да тамақ өнімдерін импорттау. Сонымен қатар, Қазақстан Ауғанстанның экономикалық дамуына және осы елдің халықаралық көлік дәліздеріне қосылуына мүдделі.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Ауғанстаннан Қазақстан арқылы транзиттік автотасымалдау көлемі 8 пайызға артып, 5 мың тоннадан асты. Еліміз Ауғанстанмен қалыптасқан саудаэкономикалық, транспорттық, логистикалық және энергетикалық байланыстарды сақтауға мүдделі. Қазақстан ауған нарығына азықтүліктің ірі жеткізушісі болып табылады. Қазақстандық экспорттың ең үлкен үлесін ұн мен бидай жеткізілімдері құрайды. Форумда қол жеткізілген келісімдер аясында алты қазақстандық компания ауған тарапымен ұн және дәнді дақылдарды жеткізуге келісті. Олардың жалпы сомасы 37 миллион АҚШ долларынан асады.
Сонымен қатар, астық өнімдерін жеткізу бойынша 179 миллион долларға меморандумға қол қойылды. Рапс, күнбағыс және соя бұршағын жеткізуге арналған келісімдер де жасалды. Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, барлық Орталық Азия елдерінің ішінде Ауғанстан Қазақстанмен ең көп сауда жасайды. Біздің елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымы шамамен 1 миллиард долларға жетті.
Форум аясында өзара тауар айналымын 3 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Жалпы, Алматыда өткен Қазақстан – Ауғанстан бизнесфорумында 317,6 миллион АҚШ долларын құрайтын сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 23 құжатқа қол қойылды. Бұл жасалған келісімдер екі елдің экономикалық байланыстарын нығайтады деген сенім мол.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ НЫҒАЙТАТЫН КЕЗДЕСУЛЕР
Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда жетекші рөл атқаратын бірқатар кездесулер өткізді. Мәселен, 9 қазанда Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрағасы У Вон Шикпен кездесті. Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтіп, тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді.
Бұл саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен У Вон Шик автокөлік құрастыру, энергетика, өнеркәсіп салаларында қазір жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты. Ақордада Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскиді қабылдаған Мемлекет басшысы Қазақстан мен Чехия арасында достық пен өзара құрметке құрылған көпжылдық әрі нәтижелі ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы министрдің сапары екі ел арасындағы көпжақты қарымқатынастың нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл. Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміздің чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты.
Қорыта келгенде, бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан басқа мемлекеттермен барлық с а ладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды жаңа деңгейге көтеруге мүдделі. Соның ішінде еліміз үшін сауда-экономикалық байланыстардың көкжиегін кеңейту маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Міржақыпқа арман болған арғымақ
- 27 тамыз, 2024
Жетінші бесжылдықтағы жаңашылдық жаршылары
- 20 тамыз, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді