Режиссер Доқтырхан Тұрлыбек қазақтың біртуар перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаев туралы «Тереңнен тартқан тектілік», «Ел жадында», «Димекең ел есінде» атты деректі фильмдер түсіріп, көрермен ықыласына бөленді.
Жақында жазушы режиссердің «Қонаев феномені» атты жаңа деректі туындысының тұсаукесері Алматы қаласында өтті.
Бұл шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Хронометражы 47 минуттық деректі фильмде ел ардақтысы Димекеңнің Қазақстан үшін жасаған ерен ісі, бойындағы асыл қасиеттері жан-жақты көрсетілді.
Астанадан, Шымкенттен, Тараздан, Алматыдан келген ағайындар деректі туындының құндылығына лайықты баға берді. Ел мүддесі, ұлт руханияты үшін жасаған еңбек ешқашанда ескерусіз қалмайды. Осы күні Доқтырхан Тұрлыбек Қонаев атындағы «Мейірім» орденімен марапатталып, мерейі үстем болды.
Жазушы-режиссерді халықаралық Қонаев атындағы қордың вице-президенті Дәулетбек Жанботаев марапаттап, шығармашылық табыс тіледі.
Қалила ОМАРОВ,
кинорежиссер,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




