Тараз қаласындағы №5 емхананың дәрігері Дана Сәбит көмегіне жүгініп барған жандарға мейірімділік танытып, биязылығымен өзінің ата-анасынан алған тәрбиесінің жоғарылығын көрсетті. «Кішіпейілділік кісіліктен» дейді біздің халық.
Дана Алмасқызы жылы қабылдағанымен қоса, мені басқа кабинеттерге жолдағанда, қасыма медбикесін ертіп жіберіп қолдау көрсетті. Өйтпегенде, емхананың әр қабатындағы кабинеттерді тауып бару да, олардағы мамандарға өз қажетімді ұмытпай жеткізу де оңай болмас еді.
Міне, осындай қамқор да кішіпейіл дәрігерді өзге әріптестеріне үлгі ретінде айтқым келді. Жан жылуы мен жақсы сөз де дертке шипа екенін барлық ақ халаттылар ескерсе екен деген тілегім бар.
Аралбек ТАНБАЕВ,
2-топ мүгедегі, Тараз қаласының тұрғыны.
Ұқсас жаңалықтар
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Әрбір бесінші бала алыстан көрмейді
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




