«Облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер» орталығында «Бауыржан батыр ерліктің сардары, жойылсын соғыстың зардабы» атты танымдық кездесу өтті. Бұл басқосуға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің сарбаздары мен үйірме оқушылары қатысты. Іс-шараның ашылуына М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Әлімбай Найзабаев сөз сөйлеп, айтыскер ақын Нұрлыбек Құрманов арнау жырдан шашу шашты.
Кездесу барысында Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеттің қызметкері, Бауыржантанушы Бақтияр Бекназаров Б.Момышұлының соғыста көрсеткен ерлігін, сол жерде жүріп жазған күнделік, естеліктері туралы сөз қозғады. Көпшілік алдында «Ақберен» айтыскер ақындар мен «Қаратау» жыршы-термешілер үйірмесінің шәкірттері өнер көрсетті.
Атап айтқанда, республикалық оқушылар айтысының бас жүлдегері Інжу Жаңабай арнау жырымен көзге түссе, Ержігіт Ораз «Әлқисса» күйін күмбірлетті. Нұрай Есмамбетова ерлік жолынан монолог оқып, ел назарын өзіне аударды. Үйірменің белсенді мүшелері Қанат Жасаров пен Айша Сұлтанхан, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің сарбазы Тұрсынхан Насыров белгілі қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды.
Батыр Бауыржан Момышұлына арналған рухты өлеңдер де оқылды. Кеш Шәмші Қалдаяқовтың «Бейбіт күн тілегі» атты хор-әнімен аяқталды.
Дидар АПБАСОВ,
облыстық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілері орталығы» мемлекеттік мекемесінің «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




