Кеш шымылдығы Жамбыл жырларымен ашылып, сахнада ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы көркем қойылым арқылы бейнеленді. Әулиеата өңірінің тарихы мен тағдыры, елдік пен ерлікті жырлаған Жамбыл поэзиясының тереңдігі көрермен жүрегіне жол тапты. Әсіресе, ақынның халықпен біте қайнасқан болмысы, ел басына күн туған шақтардағы отты жырлары әсерлі сахналанды.
Театрландырылған қойылымда болашақ талантты актерлер мен өнерпаздар Жамбыл бейнесін жан-жақты ашып, көрерменді өткен ғасырларға жетелегендей әсер қалдырды. Ән мен жыр, би мен сахналық көріністер үйлесім тауып, ұлттық өнердің көркем үлгісін көрсетті. Кеш барысында күмбірлеген күй мен әуелеген әндер Әулиеата жерінің рухани байлығын айшықтай түсті. Ісшараның басты ерекшелігі – оның тек концерт емес, тұтас бір рухани сабақ болуында. Жамбыл шығармашылығы арқылы жас ұрпаққа елжандылық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарды қастерлеу идеялары кеңінен насихатталды.
– «Атыңнан айналайын, Әулиеата» кеші – өткенге тағзым, бүгінге өнеге, келешекке бағдар болған тағылымды іс-шара. Бұл кеш тағы бір мәрте Жамбыл Жабаев мұрасының мәңгілік екендігін дәлелдеп, көрермен көңілінде ұзақ сақталары сөзсіз, – дейді көрермен Дана Балтабайқызы.
Концерттік бағдарлама аясында мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріліп, оқу орнының мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Аталған іс-шара жас ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби бағдар беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға өз үлесін қосты.
Эльмира БАЙНАЗАРОВ
Ұқсас жаңалықтар
«Сұлтан Бейбарыс» – қайсарлық пен қажымас жігердің үлгісі
- 21 сәуір, 2026
Заңға құрмет - елге құрмет
- 20 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




