
– Бюджет кірісінің 63,2 пайызын қаланың өзіндік кірістері құрайды. Өзіндік кірістің жоспары – 46,6 миллиард теңге көлемінде орындалды. 2023 жылдың тиісті кезеңінен қазынаға 6,2 миллиард теңгеге артығымен түсті. Дегенмен жоспар 93,9 пайызға орындалып, «Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер» 3 миллиард теңгеге кем түсті. Оған «Ұлы Дала» шағынауданында 580 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үй құрылысының мерзімінде аяқталмауы себеп болып отыр. Яғни, мердігерлердің өз міндеттерін толық орындамауына байланысты әрі сот процестерінің жүруіне орай нысандардың пайдалану мерзімі 2025 жылға өтпелі болды, – деді Г. Жауынбекова.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, кірістің 76,9 пайызы салықтық түсімнен құралса, салықтың басым бөлігі корпоративтік, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтарға тиесілі екен. Жоспардың сапалы және толығымен орындалуына қол жеткізу мақсатында бюджет түсімдерінің әр түрі бойынша жыл бойы талдаулар жүргізіліп, тиісті уәкілетті органдармен бірлесе жұмыстар атқарылған.
– Қала бюджетінен қаржыланатын бюджеттік мекемелердің төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс және әлеуметтік салықтарын бюджетке уақытылы түсіру, еңбек ақыларының әр айдың 28-не дейін толық төленуі – бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бақылауында. Жыл соңында қаланың бақылау шотында қаражат тапшылығы орын алған жоқ. Бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, бюджет түсімдерге талдау жүргізе отырып, жоспарға қажетті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, салық органдары әкімшілендіретін жіктеме кодтары бойынша жоспардың орындалуына қол жеткізілді, – деді ол.
Сондай-ақ спикер өз баяндамасында қала бюджетінің шығыс бөлігіне, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен іске асырылатын бағдарламалар мен облыстық бюджеттен берілген трансферттерге кеңінен тоқталды. Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органның резерві есебінен жүргізілген шығыстар жөнінде, тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы және әлеуметтік салалар бойынша бюджеттің атқарылуы жөнінде айтып өтті.
Мұнан соң, облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Қарабаев қала бюджетінің атқарылуына қатысты өз ой-пікірін ортаға салды. Жиын соңында мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Дүйсенкүл Керімбаева атқарушы билік өткен жылы қалалық бюджет параметрлерін негізінен орындағанын тілге тиек етті.
Жалпы, қала бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы – 96, бюджет шығыстары 97,6 пайызды құрайды. Атап өтерлігі, былтыр қала бюджетіне бас-аяғы 7 рет өзгерістер енгізілген болатын. Салдарынан бюджеттің кіріс бөлігі 3 043,7 миллион теңгеге кем орындалған. Осыны ескерген мәслихат депутаттары отырыс қорытындысында қала бюджетінің атқарылуын «қанағаттанарлық» деп бағалады.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
«Ұлы Дала» аумағында ірі жобалар жүзеге асуда
- 7 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді