Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді
- author «Ақ жол»
- 2 мамыр, 2025
- 434

Жиында Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы құжатты дайындауға арналған Жол картасын таныстырылды.
Жол картасында Іле-Балқаш бассейнінің жер үсті және жер асты су ресурстарының жай-күйі мен сапасын кешенді түрде зерттеу, Балқаш көлінің деңгейін бақылауға арналған цифрлық платформа құру, су нысандарын автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ басым гидротехникалық құрылыстарды дамыту шаралары қарастырылған.
Бұдан бөлек, Іле-Балқаш бассейнінің су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану бойынша шаралар, сондай-ақ ҚХР-мен бірлесіп су қорғау және тұрақты пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар әзірленген.
Балқаш көлінің бассейні бойынша зерттеу жұмыстары Францияның Даму агенттігі (AFD), Францияның Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) және қазақстандық мамандармен бірлесіп жүргізіледі. Қазіргі уақытта француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш бассейніндегі ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Алматыда өткен семинарды Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
– Балқаш көліне қатысты мәселелер ұзақ уақыт бойы жүйесіз, бөлек-бөлек шешіліп келді. Енді осы саладағы жұмыстарды жүйелі және келісілген деңгейге көшіру үшін Балқаш көлін сақтау мен қорғау жөніндегі мастер-жоспар әзірлеуді бастадық. Бұл құжат бассейннің су ресурстарын басқаруда табиғат, экономика және қоғам мүдделерінің тепе-теңдігіне негізделген тұтас, саларалық тәсілді қалыптастыруда маңызды кезең болады. Мастер-жоспарды әзірлеу үшін су, экология, энергетика, ауыл шаруашылығы және Іле-Балқаш өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы сынды барлық негізгі бағыт бойынша кешенді зерттеу мен талдау қажет. Бүгін ұсынылған Жол картасы осы мақсатта дайындалды», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
Ұқсас жаңалықтар
Түркияда тағы да жер сілкінді
- 23 сәуір, 2025
Халықаралық жастар фестиваліне өтінім қабылдау басталды
- 22 сәуір, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді