Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ. Қалалық семинарға мемлекеттік әрі жекеменшік балабақшалардың меңгерушілері, психологтар мен тәрбиешілер қатысты. Семинар «Жасыл ел – жасыл балабақша» жобасы аясында өтті. Бөбекжайдағы жайқалған цитрустық жемістер мен көкөністер көрсетіліп, балақайлармен бірге егілген жасыл-желек келгендердің көңілін баурады. Семинар барысында тәрбиешілер Ләззат Қуандықова мен Гүлнар Жұманалиеваның авторлық туындысы – жаңашаланған «Бәйге» ойыны ойнатылды.
Танымдық сабақтар көбіне балалардың зейінін ашу үшін ойын түрінде жүргізілді. «Кім жүйрік?», «Дарабоз» сынды ойындар да келушілерге басқа нұсқада көрсетілді. Әдіскер Сабира Еркінбекова мен тәрбиеші Нұргүл Төлетаева ерекше көзге түсті. Олар бірлесіп «Кішкентай зерттеушілер» тақырыбында ашық оқу қызметін өткізді. Бұл семинарда өз қабі Меншік иесі: «AULIEATA-MEDIA» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ леті мен өнерін көрсетпей шет қалған адам болмады. Логопед Айдана Балқыбекова мен психолог Анар Тәжіқұлова «Ойлан тап» атты ойынды педагогтерге арнап өткізді.
– Жасыл ел – жасыл балабақша» жобасы бойынша семинар ұйымдастыру көптен ойымызда еді. Бұл дегеніміз тек өсімдіктерді күтіп баптау немесе біздің жасыл әлемімізді қорғау деген шектеулі бағыттағы мақсатты көздемейді. Ол кең ауқымда қарастырылады. Жалпы балалардың барлығын ұқыптылыққа, үнемділікке, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға тәрбиелеу – басты мақсатымыз. Мұндай балабақшалар желісі әлемде өте көп және де әр елдің өзінің тәжірибесі бар, өз мақсаты бар, – дейді №19 балабақша меңгерушісі Райхан Бақбергенқызы.
Семинарға қатысушылар жылы пікірлерін білдіріп риза күйде тарқады. Жалпы, «жасыл балабақша» бағыты тек өсімдік өсірумен ғана шектелмей, балаларға экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Қазір аймақта әзірге 30 бөбекжай ғана жаңа бағыт бойынша жұмыс істейді. Білім басқармасындағылар алдағы уақытта жасыл желекті балабақша саны арта түседі деп отыр.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




