Қызмет алушылар биометриялық сәйкестендіруден өтуге міндеттеледі
- author «Ақ жол»
- 17 мамыр, 2025
- 1.5k
Бұған дейін арнайы ХҚКО-ларда жеке басын сәйкестендіруді келушілер ұсынған құжат негізінде қызметкерлер тікелей жүзеге асырған. Енді рәсімдеу процесінде тұлға суретке түсіріледі. Содан кейін жүйе алынған кескінді мобильді құрылғының экранынан жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорында сақталған фотосымен автоматты түрде салыстырады.
– Осылайша, мемлекеттік қызметтерді алу жүйесіндегі әділетсіз адами факторды алып тастадық. Биометриялық сәйкестендіру – заң бұзушылықтар санын азайтудың және арнайы ХҚКО-лардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың тікелей жолы. Бұл заманауи технология бізді мемлекеттік қызмет көрсетудің мүлдем заңды және ашық жүйесін құруға бір қадам жақындатады, – деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, егер келуші биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ХҚКО лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




