«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тауар айналымы 15 миллиард доллардан асты

Тауар айналымы 15 миллиард доллардан асты
Автор
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен ресми кездесу өткізді. Тараптар сауда байланысын арттыру, жаңа көлік дәліздерін дамыту және аймақ экономикасындағы цифрлық трансформация жайын талқылады. Бұл туралы Премьерминистрдің ресми сайтында хабарланды.

Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қазақстанның маңызды сауда әріптестері екені атап өтілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЭЫҰ мемлекеттерімен өзара сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артып, 15 миллиард доллардан асты. Қазақстандық экспорт – негізінен мұнай, мыс, бидай, күнбағыс майы, ұн мен мұнай өнімі. Серік Жұманғарин Қазақстанның ЭЫҰ елдерімен өзара іс-қимылы соңғы жылдары тұрақты оң динамиканы көрсетіп отырғанын, оны арттыруда айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті. Қазақстанда 1 миллиард долларға жуық сома болатын экспорттық әлеуеті жоғары 137-ге жуық өңдеуші өнеркәсіп тауарларының позициясы бар.

Әлемдік экономиканың негізгі драйверінің бірі ретінде қарастырылатын электрондық сауданы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. ЭЫҰ елдерінің күш-жігерін шоғырландыру тұрақты және өзара тиімді сауда кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Тараптар ЭЫҰ кеңістігіндегі экономикалық байланыстың негізі – көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселесін егжей-тегжейлі талқылады. Биыл Қазақстан ЭЫҰ-ның көлік секторына төрағалық етеді. Вицепремьер «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі Ауғанстан және Пәкістанға жол ашатынымен басым маңызға ие екенін айқындап берді. Сондай-ақ, ол биыл Қазақстан мен Пәкістан арасында Қытай арқылы (Қарақорым тас жолы арқылы) алғашқы жүктер жеткізіле бастағанын хабарлады.

Аталған бағдарлардың дамуы, көбісінің теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан Орталық Азия елдері үшін стратегиялық маңызға ие. Олар арқылы халықаралық теңіз порттарына қол жеткізуге болады. Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан Қазақстан Үкіметін Өңірлік экологиялық саммиттің сәтті өтуімен құттықтап, еліміздің ұйымдағы жетекші рөлін атап өтті.

«Қазақстан – ЭЫҰ-ның айрықша әріптесі. Біз Қазақстанды өңірлік хаб және ЭЫҰ елдері мен Еуропа арасындағы көпір ретінде қарастырамыз», – деді Бас хатшы.

Оның айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайда аймақтар мен құрлықтағы байланыстың маңызы арта түседі. Осыған байланысты ЭЫҰ қазіргі және перспективалық маршруттардың картасын дайындау, сондай-ақ, Каспий теңізінің акваториясындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру секілді көлік дәліздерін дамыту жұмыстарын жүргізуде. Тараптар сондай-ақ Еуразиялық экономика лық одақ пен ЭЫҰ арасындағы интеграциялық процестерді ұштастыру мәселесін, соның ішінде Пәкістанмен еркін сауда аймағы туралы келісім жасаудың келешегін талқылады.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЭЫҰ елдерінің өзара үйле скен іс-қимылының маңыздылығын ат ап өтті. Ол Қазақстанның ұзақмерзімдік және өзара тиімді әріптестік үшін жағдай жасай отырып, ірі экономикалық одақтар арасындағы байланыстырушы буын болуға дайын екенін мәлімдеді.

 

Aq jol-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар