
Кітапта негізгі 5 тарау бар: «Решающие битвы Великой Отечественной войны», «Казахстанцы в Великой Отечественной войне», «Все для фронта, все для победы!», «Советский солдат – освободитель Европы», «Великая Победа». Мәскеу шайқасына арналған тақырып үш үлкен бөлімнен тұрады. «Мәскеу шайқасы», «Мәскеу шайқасына қатысқан қазақстандықтар» және «Бауыржан Момышұлы – Мәскеу шайқасының батыры».
Екінші тарау – «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» – үш үлкен бөлімнен тұрады: «Барлық майдандарда соғысқан», «Қазақстанның еңбек майданы», «Өнер – майданға». Барлық тарауларда негізгі екі мотив көрсетілген – жеңіс және қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі – Мәскеу шайқасынан бастап, Берлинге дейін жетіп, бүкіл Еуропаны фашизмнен босатқаны.
Әр тарау 2–8 бөлімнен тұрады. Авторлар соғыс архивтерінің мәліметтер мен фактілерін, әскери қайраткерлердің және майдангер-жазушылардың, журналистердің естеліктерін пайдаланған. Әр тақырыпқа сәйкес совет поэзиясынан және қазақ ақындарының шығармаларынан үзінділер келтірілген. Соғыс пен жеңістің тақырыптары бейнелеу және театр өнерлерінде қарастырылған. Кітап туралы рецензия берген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев. Кітапқа кіріспе сөзді жазған заң ғылымдарының докторы, профессор, ғылым саласы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Ленинград шайқасына қатысқан майдангер-офицер және белгілі ақын Сырбай Мәуленовтың ұлы Қасым Мәуленов. Ал Фатима Оразбекованың өзі – майдангер-комиссардың қызы, әкесі туралы мәліметтер Мәскеу және Орел қалаларының әскери музейлерінде сақталған.
Орел облысында әкесінің ерлігіне арналған арнайы ескерткіш бар. Екі мәрте әкесі Совет Одағының батыры деген атаққа ұсынылды, бірақ алмады. Еңбектің екінші авторы майдангер комиссардың немересі. Ф.Оразбекова 17 кітап және оқулықтар жазып шығарған. Сонымен қатар мақалалары республикалық 5 кітапта жарияланған, А.Шаухановтың 14 кітабы, жалпы авторлардың қорында соғыс пен жеңіске арналған 50 мақала бар. Олар республикалық, облыстық, аудандық журналдар мен газеттерде жарық көрген.
«Жаңа кітап – соғысқа арналған әдеби қорға еніп, бағалы мәліметтер жас ұрпақтарға пайдасын тигізер деген үміттеміз», – дейді еңбектің авторлары.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді