Президентіміз: «ҚХА әртүрлі мәдениеттің қатар дамуына және өзара қарым-қатынасына қатысты қағидаттарды сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл – қазіргі әлемнің ең өзекті мәселесі. Сондықтан біз Ассамблеяны одан әрі дамытамыз. Оның жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіріп, құрамын үнемі жаңартып отырамыз», деген болатын. Мемлекет басшысы сессияда аймақтардағы Ассамблея жұмысын жандандыру керектігін тапсырды.
Сондай-ақ кейбір өңірлерде «Достық үйін» ашу туралы да мәселені көтерді. Яғни, Президент өзге ұлт өкілдері тығыз қоныстанған өңірлерді атай келіп, соның ішінде облысымыздың Қордай ауданында да Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық үйін» ашу қажеттігін қозғады.
Жалпы, Қордай ауданында 160 мың адам тұрса, оның шамамен 40 пайызы өзге ұлт өкілдері. Сондықтан да онда «Достық үйін» ашу туралы ұсынысты Президентіміз дұрыс көтеріп отыр деп есептеймін. Бұл – халықтар достығы мен ынтымақ-бірлігін бұрынғыдан да арттыра түседі деген ойдамын.
Асқарбек АҚЫЛШАҰЛЫ
Қордай ауданының Құрметті азаматы, ҚХА Жамбыл облысы «Ақсақалдар» кеңесінің төрағасы
Ұқсас жаңалықтар
Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ
- 9 сәуір, 2026
Иран мен АҚШ-тың арасы не болып жатыр?
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




