«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үздік партияға – үздік кадрлар

Үздік партияға – үздік кадрлар
Автор
Amanat партиясының облыстық филиалы партияның Саяси менеджмент академиясымен бірлесіп, «Үздік партияға – үздік кадрлар» атты модульдік оқыту семинарын өткізді.

Білім беру бағдарламасы партиялық активтің кәсіби құзыреттерін арттыруға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ тиімді коммуникация мен халықпен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Оқытуға облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аумақтық және бастауыш партия ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар саяси менеджменттің заманауи құралдарын меңгеріп, көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігін жетілдірді және жобалық басқару негіздері бойынша тәжірибе жинақтады. Үш күнге жалғасқан оқу бағдарламасы қатысушыларға жаңа білім алып қана қоймай, оны өңірдегі әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуде тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Amanat партиясының Саяси менеджмент академиясының жұмысы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыра алатын, қоғам сұранысына жедел жауап беретін білікті кадрларды даярлауға бағытталған.

 

Aq jol-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар