«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тараз қаласында 3G желісі өз жұмысын тоқтатады

Тараз қаласында 3G желісі өз жұмысын тоқтатады
Ашық дереккөз
19 мамырдан бастап Tele2/Altel Тараз қаласы мен облыстың бірқатар аудандарында 3G желісін 4G-ге ауыстырады. Компания бұл өзгерісті 4G және 5G дамытуға бағытталған ұялы телефонға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру қажеттілігімен түсіндірді.

3G желісі ескірген жүйе қатарына енеді. Сол себепті ендігіде аталған жүйе Тараз қаласы 2023 жылы әрбір қазақстандық 21 ГБ интернет пайдаланса, өткен жылдың соңына қарай орташа есеппен бұл көрсеткіш айына 33 ГБ-қа жеткен. Мұндай трафикті 4G және 5G желілері ғана басқара алады. Бұл қайта құру процесі рефарминг деп аталады.

Рефарминг ескірген интернет желісін жаңасымен алмастырып, қолжетімділікті арттыра түседі. Бүгінгі жаһандық стандарттармен салыстырғанда мен облыс орталығына жақын орналасқан аудандардағы Айша бибі, Құмшағал, Құсақ, Сарыкемер, Көктал, Бурыл, Талас, Құмтиын, Жалпақтөбе, Қызылқайнар, Бесағаш, Жасөркен ауылдары, Гродеково кенті мен Түрксіб станциясында өшіріліп, 4G форматқа ауыстырылады. Сол себепті де компания қызметкерлері SIM карталарда 4G желісінің жұмыс істейтінін тексеріп алуға кеңес береді.

Сондай-ақ 3G жүктемені көтере алатын роутерлер мен смартфондарды 4G желісі бар құрылғыларға ауыстыру қажеттігін ескертеді. Айта кетейік, облыста бүгінде сапалы интернет желісімен 367 елді мекен қамтылған. Оның ішінде 46 елді мекен – 2G, 63 елді мекен – 3G, 258 елді мекен жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясындағы 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, 2025-2027 жылдары 198 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G-ге арттыру, 170 елді мекенді (455 мемлекеттік мекеме және 8175 кәсіпкерлік субъектілері) талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жоспарланған.

Осылайша 2027 жылдың соңына дейін облыстың елді мекендерін 4G-мен және талшықты-оптикалық байланыс желісімен 100 пайыз қамту көзделген.

 

Нұрболат АМАНБЕК.

Ұқсас жаңалықтар