«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Майтөбеде әмбебап өрт сөндіру бекеті іске қосылды

Майтөбеде әмбебап өрт сөндіру бекеті іске қосылды
ТЖМ басшысының ауылдық елді мекендерді өртке қарсы қорғауды күшейту бойынша бастамасымен Жамбыл облысы Талас ауданының Майтөбе ауылында әмбебап өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Ашылу салтанатына төтенше жағдайлар  вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, Талас ауданының әкімі Нұржан Жүнісбеков, ТЖД басшылығы және де ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Өрт сөндіру бекеті  екі шығуға арналған, 8 мыңға жуық адам тұратын бес елді мекеніне қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, 15 мыңнан астам  гектар ауыл шаруашылығы алқаптары мен өңірдің су айдындарын қамтиды.

"Ауылдық жерлерде өрт-құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту-ТЖМ басты басымдықтарының бірі. Біздің міндетіміз-тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір тұрғынды жедел қорғауды қамтамасыз ету", - деді Кеген Тұрсынбаев.

Іс-шара аясында вице-министр жаңа бөлімшенің  бастығына төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін жеде автокөлікті, өрт сөндіру автоцистернасын және құтқару қайығының кілттерін табыс етті.

Жақсы дәстүр бойынша вице-министр бастаған құтқарушылар "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызды, осылайша адамдардың өмірі мен мүлкін ғана емес, қоршаған ортаны да қорғауға деген ұмтылысты атап өтті.

Айта кетейік, азаматтық қорғаудың жаңа объектісі төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендерді қорғау деңгейін арттыру және табиғи және техногендік қауіптердің салдарын барынша азайту министрліктің басым міндеттерінің бірін іске асыру үшін құрылды.

Ұқсас жаңалықтар