Бұл жолы 10 тұрғын шағын бизнесті қолдауға, аула спортын дамытуға және ауылдық жерлерде спорттық инфрақұрылымды жақсартуға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, елді мекендерде су және әлеуметтік нысандарды салуға байланысты өз ұсыныстары мен өтініштерін айтты.
Ербол Қарашөкеев халық көтерген мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
Барлық түйткілдер заңнама шеңберінде қаралып, толық шешілгенге дейін өңір басшысының жеке бақылауында болады. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне, басқарма басшыларына келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерделеу шараларын қабылдау тапсырылды.
Еске сала кетейік, облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша тұрақты түрде алдын ала жазылу арқылы қабылдайды. Ол үшін тұрғындар «eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы жазыла алады немесе Тараз қаласы, Абай даңғылы, №127 мекенжайы бойынша орналасқан азаматтарды қабылдау орталығына жүгіне алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




