
Жылу жүйесі дербес қазандық, автономды, су жүйесі орталық жүйеге қосылған. Осы орайда айтпағым, сапалы білім беруде мектептің материалдық-техникалық базасының рөлі айрықша. Соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен, тәжірибелік құрылғылармен, интерактивті тақтамен жабдықталған мультимедиялық, робототехникалық кабинеттер мен компьютер кластары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда.
Ауыл мектебі мен қала мектебінің арасындағы алшақтықты азайту мақсатында ұстаздар ілкімді еңбегімен күш-жігерін жұмсауда. Сондай-ақ 24 оқу бөлмесі және спорт, мәжіліс залы, асхана, медкабинеттер, 2 шеберхана кабинеттері бар. 2024-2025 оқу жылында барлығы да жоғары білімді 61 мұғалім еңбек етуде. Олардың 1-і «Педагог шебер», 7-і «Педагог-зерттеуші», 1 мұғалім 1-ші санатты, 22-сі «Педагог сарапшы», 18-і «Педагог-модератор», 12-сі «Педагог» санатында. Қазіргі таңда білім беру дегеніміз – оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық потенциалын қалыптастыруға, ғылыми көзқарасы мен жалпы мәдениеттілігін кеңейтуге бағытталған ауқымды іс.
Жас ұрпақтың зияткерлік қабілеттерін ашу, жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында Байзақ ауданындағы №3 орта мектептің ұжымы орасан зор еңбек етуде. Мектебімізден соңғы бес жыл көлемінде 8 «Алтын белгі», 9 үздік аттестат иегері шықты. ҰБТ бойынша орта балл 2023-2024 жылы 80,1 болды. Жалпы бітіруші түлектердің 80 пайызы ҰБТ-ға барса, олардың 82 пайызы грант иегері атанды.
Соңғы оқу жылында «Алтын белгіге» үміткер екі оқушымыз Талшын Жапсарбай ҰБТ-дан 129 балл, Марал Мыңбай 123 балл алып, «Алтын белгі» төсбелгісін ақтап шықса, 11-сыныптан кейінгі үш оқушымыз және 9-сыныптан кейінгі үш оқушымыз «Үздік аттестат» иегері екенін дәлелдеді. Қазіргі таңда мұғалімдер мен оқушылар түрлі деңгейдегі олимпиадалар және шығармашылық байқауларда топ жарып жүлдегер атанғанын айтуға болады. Соңғы оқу жылы ішінде «Пед-Старт» ғылыми әдістемелік республикалық білім беру орталығы ұйымдастырған бастауыш сынып оқушыларына арналған ІІ республикалық «Мыңбала – 2024» олимпиадасына 67 оқушы қатысып І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Мектебіміздің 3-сынып оқушысы Алихан Шәкір таланттылар мен талаптылар сайысқан «BE STAR/ ЖҰЛДЫЗ БОЛ» VII республикалық өнер конкурсында бас жүлде иеленіп, жетекшісі Сәуле Ыбышева екеуі 2024 2025 жылы «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінде өтетін халықаралық конкурстарға жолдама ұтып алды. Республикалық 10-11-сынып оқушыларына арналған «Алтын Түлек» математика пәні бойынша олимпиадасының өңірлік кезеңінен Ақерке Итбаеваның шәкірті, 10-сынып оқушысы Сымбат Досмағанбет І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Байзақ ауданының білім бөлімінің жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәнінен қатысқан 8-сынып оқушысы Абай Төркелді жеңімпаз атанып, облыстық кезеңнен III орын иеленді. Білім ошағының 9-сынып оқушысы Әнел Алтынбек Қазақстанның ауыл мектеп оқушыларына арналған «iQanat» олимпиадасына қатысып, Бурабайда орналасқан «iQanat Burabay High Scohool» мектебіне жолдама иеленді.
Жетекшісі – педагог-зерттеуші, математика пәнінің мұғалімі Гаухар Айдарбекова. Өнерліге – өріс кең. Мәселен, 6-сынып оқушысы Сағадат Орынбасар 2024 жылы республикалық «Ұлы дала ұрпағы» ән байқауынан жүлделі II орын алса, Түркия қаласында өткен III Халықаралық «ART BAYTEREK» өнер мен білім байқауында «Вокал» жанры бойынша жүлделі I орын иеленді. Жетекшісі – Айбар Естаев.
Мектебіміздің ірі университеттермен байланысы бар. М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының «Силикат» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен «Монолитті құрылыстағы жаңа материалдары мен технологиялар» атты конференцияда Талшын Жапсарбай – І дәрежелі, Марал Мыңбай – ІІ дәрежелі, Аймен Сатылған ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Аталған оқушылардың жетекшісі, педагог-зерттеуші, химия пәнінің мұғалімі Ләззат Тәттібаеваның ерен еңбегі орасан М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде өткен «Ағылшын тілі ғылым әлеміндегі ынтымақтастықтың кілті» атты ғылыми конференциясында «Үздік салыстырмалы зерттеу жұмысы» аталымы бойынша Аймен Сатылған, Талшын Жапсарбай І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Бұл оқушыларға «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің» иегері Бақыткүл Жұматаева жетекшілік етеді. Сонымен қатар 6-сынып оқушысы Дильназ Ибрагим облыстық «Жыр алыбы–Жамбыл» атты оқушылар айтысының жүлдегері.
Жетекшісі Маратжан Жүнісов республика көлеміндегі ақындарды тәрбиелеп келе жатқан білікті ұстаз. Төл шәкірттері Әсет Дүйсебаев, Дархан Әбдіманат, Рай Дөңбай, Шалқарбек Кеңесбек, Ернұр Бейсен бірнеше республикалық ақындар айтысында ауылдың мәртебесін жоғары көтерсе, Балнұр Ибрагим, Құрманбек Бекслан бірнеше облыстық ақындар айтысында жүлделі орындарды иеленді. Олар мектебіміздің мақтаныштары.
Облыс әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен «Математикалық лига» І облыстық олимпиадасынан математика пәнінің мұғалімі Тоғжан Барбол ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыс әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы және «Қазақстан математика пәні мұғалімдері» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Жамбыл облысы математика пәні мұғалімдерінің VI облыстық шығармашылық байқауынан Ақерке Итбаева ІІІ орын, физика пәні мұғалімдерінің VI облыстық шығармашылық байқауынан Эльмира Жақсылықова ІІІ орын иеленді.
Мектебімізде 2021 жылдың желтоқсан айынан бергі этнографиялық мұражай ашылды. Мұражай Кеңес ауылы тұрғындары мен мектеп қызметкерлерінің қазақтың әр дәуірдегі тұрмыстық заттары, ер-тұрмандары, әшекейлері, ұлттық салт-дәстүрлерімізге қатысты бұйымдарымен толықтырылды. Мұражай оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Бибігүл АБДІРАМАНҚЫЗЫ,
Кеңес ауылындағы №3 орта мектебінің директоры.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Корпоративтік университеттердің халықаралық форумы өтті
- 20 мамыр, 2025
Жасанды интеллект - жаңашылдықтың бастауы
- 20 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді