
Соңғы өткізілген жәрмеңкелерде де тұрақтандыру қорынан ұсынылған тауар бағасы тұрақты болған. Мәселен, 15 наурызда болған жәрмеңкеге «Тараз» ӘКК» АҚ тарапынан 2989 килограмм картоп, 372 килограмм сәбіз, 35 килограмм қырыққабат шығарса, үстіміздегі айдың 5 сәуірдегі жәрмеңкеге келген тұтынушыларға – 3010 килограмм картоп, 1000 килограмм сәбіз ұсынылған. Ал 12 сәуірде 3020 килограмм картоп өткерілген.
Жәрмеңке кезінде халыққа ұсынылған картоптың 1 килограмы – 130, сәбіз 95 теңгеден өткерілген. Бұдан бөлек, жәрмеңкеге «Тараз» ӘКК» АҚ на қарасты әлеуметтік дүкендер де кезектесіп шығып, келушілерге өздерінің арзан да сапалы азық-түлік тауарларын ұсынуда. Олар халыққа күнбағыс майын – 570, бірінші сұрыпты ұнды – 150, макронды – 290, қарақұмық жармасын – 198 теңгеден өткерді. Соңғы жәрмеңкеде тұрақты қор арқылы 3 тонна картоп, 1 тонна сәбіз саудаға шығарылған. Ал осы күні жәрмеңкеге шыққан әлеуметтік дүкеннің сатушысы Светлана Конлибаева тауар бағасында өсу орын алмағанын айтуда.
– Бүгінгі күні әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасында ешқандай өзгеріс жоқ. Дүкен сөрелері мен сауда орталықтарында картоп бағасы әртүрлі бағада тұтынушыға ұсынылып отырса, біздегі баға тұрақтандыру қоры белгілеген бағадан көтерілген жоқ. Мәселен, жәрмеңкеде және әлеуметтік дүкендерде қарақұмықтың килограмын 198, бөлке нанды 90, тұзды 45, күрішті 400 теңгеден, ал макарон өнімдерін 295 теңгеден өткеріп отырмыз, – дейді ол.
Жалпы Светлана Конлибаева алтыншы шағын аудандағы 22 үйге орналасқан әлеуметтік дүкенде сауда жасайды. Онда да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақты екенін жеткізді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Таразда республикалық кітап фестивалі өтті
- 16 сәуір, 2025
Таразда бір ай мерзімге ыстық су өшіріледі
- 10 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді