
Шоқан мен Сымбат осыдан он бес жыл бұрын шаңырақ көтерген. Бастапқыда олар ата-анасымен бірге тұрып, кейін Қасық ауылынан жер телімін алып, өздеріне үй салды. Осыдан сегіз жылдай бұрын Шоқан Тараздан аралау станогын әкелген. Ең алғаш жиһазды үйдің ауласында құрастыра бастаған. Бірақ материалды кесіп, жеткізуде қиындықтар туындап, «Барыс-2» сауда кешенінен шеберхананы жалға алуды ұйғарады.
Уақыт өте келе тапсырыс берушілердің саны арта бастайды. Сөйтіп Шоқан Жапаров бұрынғыдан да қуатты заманауи машиналар мен құралдарды сатып алуға шешім қабылдады. Бизнесте негізгі идеялар мен жаңа үлгілерді Сымбат тауып берсе, Шоқан сол идеяларды әдемі бұйымдарға айналдырады. Жапаровтар отбасы ең алдымен жаңа үйлерін жаңа жиһаздармен жабдықтады.
Содан кейін олар өз туындыларын достарына көрсетті. Қызығушылық танытқандар жаңа жиһаздарға тапсырыс бере бастады, уақыт өте келе ірі тапсырыс берушілер пайда болды. Бір маусымда бірден үш балабақшаға жиһаз жасаған кездері де болған. Соның бірі – Сортөбе ауылындағы 150 орындық балабақша, кәсіпкерлер мектепке дейінгі мекеменің жиһаздарын толық дайындап берген. Бір қызығы, тапсырыс берушілер арасында Қырғыз мемлекеті мен Алматыдан да тапсырыс берушілер бар көрінеді. Сымбат атап өткендей, осы уақытқа дейін жұмыстарына наразы тұтынушылар болмаған. Өйткені олар өз жұмысын барынша беріліп, сүйіспеншілікпен орындауға тырысады.
«Ең бастысы, істеп жатқан ісіңді жақсы көру керек. Табыс кілті – табандылықта», – дейді Сымбат Жапарова.
Жапаровтардың басты ұраны – «Өзіңді жетілдір!». Жас кәсіпкерлер сонда ғана табыс көзі ашылады деп есептейді. Бүгінде отбасылық кәсіпте үлкен ұлының көмектесіп жүргені қуантады. Қазіргі уақытта Жапаровтардың жиһаз шеберханасында кеңсеге де, үйге де жиһаз жасауға қажетті барлық жаңа әрі заманауи жабдықтар бар.
Алғашында Шоқан мен Сымбаттың өз табыстарына толық сенбегенімен, жетістікке жетіп, көпшілікке үлгі бола білді. Олар бәсекелестіктен қорықпайды, өйткені олар өздеріне сенімді – жиһаздың әр бөлігін өздері үшін жасағандай жасайды.
Анжела ИЗАЕВА,
журналист.
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді