Конференцияның мақсаты – цифрлық экономика жағдайында қаржы және банк жүйесін дамыту, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың өзекті мәселелерін т алқылау, сондай-ақ ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қатар профессор Алданыш Нұрымовтың ғылыми мұрасы мен мемлекеттік басқару саласына қосқан үлесі кеңінен зерделенді. Конференция аясында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, профессор Алданыш Нұрымов атындағы «Аудит және талдау LAB» дәрісханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Лент аны техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академигі Өскенбай Мәдиев және университеттің басқарма төрағасы, ректор Ләззат Еркінбаева қиды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ләззат Еркінбаева жаңа дәрісхананың студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беретін заманауи оқу-ғылыми орта екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай кеңістіктер аудит, қаржылық талдау және мемлекеттік бақылау саласында кәсіби дағдыларды дамытуға жол ашады.
Сонымен қатар ректор цифрлық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда мұндай бастамалардың маңызы зор екенін жеткізді. Лента қию рәсімінен кейін конференцияның пленарлық отырысы басталып, ғылыми бағдарламаның негізгі бөлігі жалғасын тапты. Пленарлық бөлімде профессор А.Нұрымовтың өмірі мен қызметіне арналған еске алу бейнеролигі ұсынылды. Модератор ретінде сөз алған ректор Ләззат Еркінбаева ғалымның отандық ғылымға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, конференцияның ғылыми қауымдастық үшін маңызын айқындады. Жиын барысында онлайн форматта бірқатар құрметті қонақтар сөз сөйледі.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова елімізде ғылым мен білімді дамыту бағытында жүйелі жұмыст ар жүргізіліп жатқанын айтты. Ал мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы Қырымбек Көшербаев жаһандық өзгерістер жағдайында экономиканың барлық саласында жаңа тәсілдер қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев қаржы нарығының тұрақтылығын сақтау мен дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Пленарлық отырысқа офлайн форматта қатысқан қонақтар да өз пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Омархан Өксікбаев мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталды. Академик Өскенбай Мадиев ғылым мен инновацияның экономикалық дамуындағы рөлін айқындады. Ал Аяпберген Таубаев жоғары білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаудың маңызын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова тиімді қаржы саясатын қалыптастырудың өзектілігін жеткізсе, Есіл университетінің бірінші проректоры Серік Мақыш ғылым мен білімнің ықпалдастығын нығайту қажеттігін атап өтті. Конференция барысында маңызды халықаралық құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, М.Дулати университеті мен Есіл университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, екіжақты әріптестікті дамытуға жаңа серпін берілді. Келісім аясында оқытушылар мен студенттер алмасу, бірлескен ғылыми жобалар жүргізу, қос диплом бағдарламаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Ғылыми басқо суда отандық және шетелдік жетекші ғалымдар өз баяндамаларын ұсынып, қаржы-экономика саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Алтай Зейнельгабдин нақты секторды қолд ауд ы ң фискалдық құралдарына тоқталды. Ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры Зағира Ысқақова салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар Қырғыз Республикасынан келген профессор Бейшенбек Ишенов жаһандық қаржы жүйесіндегі доллардың рөліне талдау жасап, оның геоэкономикалық маңызын атап өтті. Профессор Серік Тәжібаев басқарушылық шешімдер қабылдауда бухгалтерлік есептің рөлін айқындаса, профессор Мұрат Алиев цифрлық трансформацияның бухгалтер мамандығына әсерін саралады. Жиын барысында ғылым мен білім саласына үлес қосқан бірқатар тұлғалар марапатталды.
Атап айтқанда, Омархан Өксікбаевқа «Құрметті профессор» атағы беріліп, университеттің «Үздік табыстары үшін» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ Гүлдара Нұрымова да осы марапатқа ие болды. Конференция аясында профессор Алданыш Нұрымовтың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған «Өнегелі өмір» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл еңбек ғалымның ғылымипедагогикалық жолын және отандық ғылымға қосқан үлесін жан-жақты қамтиды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
4,5 мың шаруа несие алды
- 20 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




