Мемлекет басшысының егіс науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасы аясында 2025 жылғы 1 қазаннан өтінім қабылдап жатқан «Кең дала-2» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына 750 миллиард теңге бағыттау жоспарланған. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды.
Бүгінгі күні 4,5 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі 612 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл 7,2 миллион гектар егіс алқабын қамтып отыр. Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы несиелерге кепілдік беру тетігі қатар қолға алынуда. Бұл тетік несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 191 миллиард қаржыға 1125 кепілдік берілді.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқыны артқан. Мәселен, 114 миллиард теңгеге 2,9 мың арнайы техника жеткізуге 1,8 мың жеңілдетілген лизинг шарты жасалды. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылдың осы кезеңінде лизинг келісімдерінің көлемі 30,4 миллиард теңгені құраған, бұл саланы жаңғыртудың айтарлықтай қарқынды екенін айғақтайды.
Қаржыландырудың ерте басталуы аграршыларға биылғы егіс науқанына алдын ала дайындалуға жол ашты. Алынған қаражат жанаржағармай материалдарын тиімді бағамен сатып алуға, минералды тыңайтқыштар алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға бағытталуда. Жеңілдетілген қаржыландыру көктемгі дала жұмыстарын дайындау мен өткізуге, сондай-ақ егін жинау науқаны мен маусымдық шығындарды жабуға қолжетімді болмақ.
Қаражат «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының филиалдық желісі арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер, әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар және басқа да ұйымдар арқылы ұсынылады.
Aq jol-Аqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




