Бір атап өтерлігі, Президент сессияда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру қажеттігіне де ерекше тоқталды. Мәселен, Мемлекет басшысы ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жаңа жобасы іске қосылды.
Жоба аясында 2024 жылдың маусым айында Астана қаласының «Достық үйінде» «Мемлекеттік тіл – этносаралық қарым-қатынас тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел шеңберінде оқыту семинары ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен қазақ тілін еркін меңгерген этнос өкілдері тілді үйрену тәжірибесімен, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті, сондай-ақ этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін күшейту әдістері талқыланды. Мұндай жұмыстар республикада ғана емес, біздің өңірде де атқарылып келеді.
Президентіміз айтқандай, ҚХА қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді дамыту. Мемлекеттік тіл – бұл азаматтық интеграцияның, мәдени-рухани бірліктің пәрменді құралы. Мемлекет басшысы сөзінде ҚХА-ны дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шеңберінде жыл сайын мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған ҚХА жобалары мен іс-шараларын жалғастыруды тапсырды.
Бұл ең алдымен Президент көтерген «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» дәрежесіне көтерілуіне оң септігін тигізеді деп білемін.
Айгүл ҚАБИЕВА
облыстық «ӘулиеАта» қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитажға барды
- 23 желтоқсан, 2025
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты
- 22 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




