Осыған орай бүгінде барлық өңірлерде алдын алу шаралары басталды. Еліміздің орманды-дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін мемлекеттік өрт бақылау, орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды.
Елдің орманды-дала аймағындағы өрт қаупіне табиғи климаттық жағдайлар мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы үлкен әсер етеді. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігін ескертеді. Мәселен:
– жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз;
– орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіз;
– табиғат аясында болғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнекке шағылысып, құрғақ шөпті өртеп жіберуі мүмкін;
– жанатын қоқыстарды шығару, құрғақ өсімдіктерден тазарту және елді мекендердің аумағын жинау бойынша іс-шаралар жүргізіңіз;
– табиғи өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметіне «101», «112» телефондары арқылы дереу хабарлау қажет.
Әрбір азамат орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін назарда ұстағаны жөн.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




