Іс-шараның мақсаты – оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету ережелері, өрттің алдын алу, балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу және шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтау туралы білім деңгейлерін арттыру.
Сабақ барысында мамандар өрттің шығу себептері және мектепте де, үйде де өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңыздылығы туралы түсінікті әрі көрнекі түрде әңгімеледі. Отпен және электр құралдарымен абай болу, сондай-ақ сіріңке сияқты қауіпті заттармен ойнаудың салдарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, жаз маусымы қарсаңында оқушыларға судағы қауіпсіздік ережелері, суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі туралы да жан-жақты түсіндірілді.
«Мұндай іс-шаралар балаларда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және түрлі төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретуге ықпал етеді», – дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




