
Жиынға С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, психологиялық қолдау орталығы мен сарапшылар қатысты. Басқосуда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров жасөспірімдер өз сезімдері мен мәселелерін ашық талқылай алатын қоғамда да, үйде де қауіпсіз орта құрудың маңыздылығын атап өтті.
Ол өз сөзінде құқық қорғау органдары балалар арасында және оларға қатысты суицид пен құқықбұзушылық жағдайларын, олардың себептері мен шарттарын анықтап, ерекше бақылауда ұстайтынын жеткізді. Бұл ретте сараптамалық қорытынды беретін психологтар мен лауазымды тұлғалардың қатысуымен арнайы комиссия жұмыс істейді екен.
Айта кетейік, былтырғы жылы елімізде Бала құқықтары жөніндегі конвенцияның қабылданғанына 30 жыл толған еді. Рас, осы жылдар ішінде егемен еліміздегі балалардың қауіпсіздігі мен әл ауқатын арттыру жобасы біраз белесті артта қалдырды. Ал қазіргі таңда елімізде балаларды зорлық зомбылықтан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету және суицидтің алдын алу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар тиімді іске асырылып жатыр.
Бұдан бөлек 2024-2025 жылдары профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз болғаны үшін 328 адам, оның ішінде 16 басшы, құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды жасырғаны үшін 6 азамат әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет етуге дайын
- Бүгін, 05:42
Барлық бассейннің суы таза екеніне сенімдісіз бе?
- Бүгін, 05:28
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді