Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №15 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктерден және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды:
- Нуракбаев Ринат Даниярович, 1973 жылы туған, Шерхан Мұртаза атындағы баспа үйі директорының орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Абилкаиров Даулет Максутович, 1983 жылы туған, «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы, Тараз қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№15 округтік сайлау комиссиясы.
Comments are closed.