- Advertisement -

Екі аймақ арасындағы ынтымақтастық артады

73

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған делегация Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Топ құрамында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, «Тараз» ӘКК» АҚ төрағасы, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпорын өкілдері бар. Олар аталған өңірдегі өндіріс ошақтарының жұмыс барысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Жұмыс тобы «Оралагрореммаш» акционерлік қоғамының жұмысын көрді. Кәсіпорын 60 жылдан астам уақыт бойы ел нарығын қажетті арнайы техникамен, сыйымдылық-құю техникасымен және металл конструкцияларымен қамтамасыз етіп келеді.

Бүгінде мұнда 210 адам тұрақты еңбек етеді. Топ мүшелері «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясына» барды. Зауыт арнайы өнімдерді өндіру, жоғары технологиялық мұнай-газ жабдықтарын, энергетикалық жабдықтарды әзірлеу және өндіру бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Газ турбиналық қондырғыларға сервистік қызмет көрсетеді, тазалау мен дәнекерлеудің барлық түрлерін: вакуумдық дәнекерлеуді, механикалық өңдеу және басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.
Бұдан кейін, делегация мүшелері «Теректі май комбинатына» атбасын бұрды. 2009 жылы құрылған кәсіпорын өсімдік майы мен шрот өндіреді. Өндіріс ошағы жылына 50 мың тонна шикізат өңдеуге (өсімдік майы – 19,8 мың тонна, шрот – 26,4 мың тонна) қауқарлы. Отандық өнім еліміздегі өңірлермен қатар, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан сынды мемлекеттерге экспортталады. Сондай-ақ делегаттар «Гидроприбор» акционерлік қоғамының, «Мусаева Д.» жеке кәсіпкерлігінің жұмыс барысымен танысты.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған топ Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесті. Жиында қос өңірдің кездесті. Жиында қос өңірдің мәселесі талқыланды.

Нариман Төреғалиев өндіріс ошақтарының мүмкіндіктерін пайдалану, оларға қолдау көрсету мақсатында бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар жамбылдық кәсіпкерлер өндіретін өнімдерді батыс аймаққа жеткізіп, тікелей сату бойынша ұсыныстарын білдірді.

Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының мүмкіндіктері мен көрсеткіштеріне тоқталып, ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді. Жиын қорытындысы бойынша өңіраралық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support