- Advertisement -

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген фильм Үндістанда өткен ШЫҰ кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды

113

- Advertisement -

Режиссер Алдияр Байрақымовтың «Паралимпиец» фильміндегі басты рөлді сомдаған Асқар Ілиясов «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген қазақстандық «Паралимпиец» фильмі Үндістанда (Мумбай қ.) өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кинофестивалінде жоғары марапатқа ие болды.

Фестивальге 14 елден барлығы 57 туынды ұсынылды. Отандық делегацияны Димаш Құдайберген бастады.

Бұл фильмнің алғашқы марапаты емес – өткен жылы ол Ресейдегі кинофестивальдерде 2 мәрте гран-при алды.

Кинотуынды қазақстандық паралимпиадашылардың өміріндегі шынайы оқиғаларға негізделген. Фильм 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы Паралимпиада тұңғыш чемпионы Александр Колядиннің жеңіске жету жолын баяндайды.

«Мен өте бақыттымын. Бұл менің алғашқы сыйлығым. Кино түсіріліміне ұзақ әрі қарқынды дайындалдық, жанымызды салдық десем де болады. Біздің басты мақсатымыз — паралимпиадашылар туралы айту, олардың жеңісі қандай ерік-жігерді талап еткенін және оның артында күш пен ұмтылыс тұрғанын көрсету. Әрине туындының мемлекеттік қолдаудың арқасында жарыққа шыққанына қуаныштымын», — деді жүлдегер Асқар Ілиясов.

 

Сонымен қатар, кинофестивальде отандық «Ұлы дала таңы», «Мұқағали», «Мама, мен тірімін!», «Адемоканы оқыту» және «Ыстық көл» фильмдері көрсетілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support