- Advertisement -

Мейрам Қажыкен сапарын Ақтауда жалғастырды

63

- Advertisement -

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен келді. Үміткер теңіз сауда портына барып, қызметкерлерге өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырып өтті.

Сондай-ақ порттың ел үшін халықаралық ауқымдағы үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Ал порт қызметкерлері үміткерге паром кешені, мұнай құю айлақтары, астық және құрғақ жүк терминалдары, тиеу-түсіру кешені, Портофлот, «Баутино» жүк ауданы, оның инфрақұрылымы туралы айтып берді. Сайлаушылар қолданыстағы жолдардың сапасына наразылықтарын білдіріп, үміткердің бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады.

– Жолдар – коммуникация, коммуникация – экономика. Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды. Ішкі және халықаралық маңызы бар көптеген сапалы жолдарды салу қажет. Сапалы жолдар көп инвестицияны қажет етеді. Бірақ қазір құрылыс саласында үнемдеу байқалады. Қазақстанда күрделі жөндеуді қажет ететін көптеген жолдар бар. Мен бұл мәселені жақсы білемін, – деді үміткер.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support