- Advertisement -

Мерекеде тарту мол

68

- Advertisement -

Конституция күніне орай Шу ауданының жұртшылығы айтулы іс-шаралар мен жағымды жаңалықтарға куә болды. Мереке қарсаңында ауған соғысында қаза болған «Интернационалист-жауынгерлердің» құрметіне ескерткіш қойылды. Тарихымызда қара таңба ретінде бейнеленген жат жердегі сұрапыл соғыста көптеген шулық азаматтар жанын құрбан еткен. Олардың ерлікпен өткерген Отан алдындағы борышына, рухына тағзымның белгісі ретінде есімдерін ел есінен шығармау, ұрпаққа үлгі ету үшін қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына халық көп жиналды. Шу ауданының әкімі Бақытжан Нұркенов және ауған жерінде қаза тапқан жауынгер Бауыржан Таятаевтың анасы Айдай Таятаева мүсіннің ашылу лентасын қиып, жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін айбынды Ата Заңымыздың мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Онда аудан әкімі Б. Нұркенов көпшілікті құттықтап, баянды болашақ жолында атқарылып жатқан жұмыстардың жемісті болуын тіледі. Жиын барысында алтын құрсақты батыр аналар марапатталып, олардың екеуі «Алтын алқа», екеуі «Күміс алқаға» ие болды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға жеке куәлік, төлқұжат тапсырылды. Ал ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып, мемлекеттік қызметте көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен азаматтар аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Өзге азаматтар да марапаттан тыс қалған жоқ

Сондай-ақ, бұл күні Белбасар ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Бұл елді мекенде жаңа, еуростандарт талаптарына сай келетін футбол алаңы салтанатты түрде ашылды. Стадион аталмыш ауылдың негізін қалаушы Социалистік Еңбек Ері Хати Сауранбаев және оның баласы, 35 жыл ғұмырын прокуратура саласына арнаған Оспан Хатиұлының ұрпақтарының демеушілігімен ашылды. Белбасарлықтар бұл әулетті ауылдың басты қолдаушысы деп біледі. Себебі, бұған дейін де Сауранбаевтар әулетінің ауылға көп көмегі тиген.
Алаңның ашылу салтанатында Тараз қаласының, Шу ауданының Құрметті азаматы, бас демеуші Болат Сауранбаев сөз сөйлеп, тілегін білдірді. Шу ауданының әкімі Бақытжан Нұркенов өз кезегінде демеушілерге алғысын білдіріп, Болат Оспанұлына Құрмет грамотасын және ауылдастарының атынан таза қанды тұлпар табыс етті.
Стадионның ашылу салтанатынан соң Алматы қаласынан келген «Қайрат» шағын футбол клубының аяқдоп шеберлері шеберлік сағатын өткізді. Жаңа стадиондағы алғашқы ойын «Қайрат» және «Белбасар» командалары арасында өтті.

Қарлығаш Есбергенова,
«Ақ жол».

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support