- Advertisement -

Жамбылда не жаңалық

166

- Advertisement -

Байзақ

Диқан ауылдық округіндегі №2 орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Құрылыс жұмыстарын 212 миллион теңгеге «Таразстрой-2004» ЖШС жүргізді.

=Жамбыл

Аудандық мәслихат депутаттары Н.Үкібаев, Р.Аширов, Ж.Мақашев пен кәсіпкерлер Ж.Бегманов, О.Исахаев, М.Бұралқиев, Б.Тоқсейтова, Т.Сарыбаев тұрмысы төмен отбасылардың 38 баласына мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйлады.

=Сарысу

Түгіскен ауылындағы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражай ашылды. Тарихи-өлкетану және этнографиялық бөліміне ауыл тұрғындарының қолдауымен тарихи жәдігерлер жинақталуда.

=Талас

Үшарал ауылындағы 44 шаруа қожалық былтыр мемлекеттік бағдарлама арқылы 80 миллион теңге несие алған. Олар мал асылдандыруға бет бұруда. Ол үшін Қостанайдан ақ бас сиырлардың тұқымы әкелінген. Мұнда мал бордақылау кешенін салу жоспарда бар.

=Т.Рысқұлов

Биыл Жастар практикасы аясында жоғары, арнаулы орта білімі бар 145 жас өз мамандықтары бойынша шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге жолдама арқылы жіберіліп, жұмыс істеуде. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support