Мерекелік шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, партия өкілдері және өнерсүйер жұртшылық қатысты. Кештің шымылдығы 200-ден аса мектеп оқушысының ұлттық өнердің мәңгілік жауһарына, өңірлік «брендке» айналған атақты «Ерке сылқым» күйін бір мезетте орындауымен ашылды.
Ербол Қарашөкеев Ұлттық Домбыра күні – тек мереке ғана емес, ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар екенін атап өтіп, жамбылдықтарды айтулы датамен құттықтады.
– Домбыра – қазақ халқының жан серігі, ғасырлар бойы аманат болып жеткен киелі мұрасы. Ұлы даланың үні мен тіліне айналған бұл аспап елді бірлікке, ырысқа, өнерге ұйыстырған. Қазақ халқы домбыраны төріне іліп, күйшілерді төредей құрметтеген. Домбыраның күмбірі – батырларға жігер, ақындарға шабыт берген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласына ерекше баға беріп, бұл – өте жақсы үрдіс екенін атап өтті. Қасиетті қара домбыраның үнін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Біз осы асыл қазынаны бағалап, болашақ ұрпаққа аманатпен жеткізуіміз қажет, – деді өңір басшысы.
Кең ауқымды мерекелік іс шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібаевтың танымал туындылары сондай-ақ басқа да белгілі композиторлардың шығармалары орындалды. Сондай-ақ осы күні «Әулиеата әуендері» атты аудиожазбаға енген жаңа шығармалардың тұсауы кесілді. Көрермен қауым әуелеген ән мен күмбірлеген күйдің әсеріне бөленіп, ерекше көңіл-күймен тарқасты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




