ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға ресми сапармен келді
- author «Ақ жол»
- 16 маусым, 2025
- 1.8k
"Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті. Сондай-ақ, Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді", – делінген Ақорданың ресми Telegram каналында.

Айта кетейік, Қытай Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді, жинақталған капитал салымдарының көлемі 26 млрд долларды құрайды. Бүгінгі күні 9,6 млрд доллар сомасына 12,8 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен 63 бірлескен жоба іске асырылды, 14,6 млрд-қа тағы 59 жоба іске асырылу сатысында және 14,7 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Бүкіл инвестициялық пулға 57 млрд доллардан асатын 235 жоба кіреді және энергетика мен агросектордан бастап өнеркәсіптік өндіріске, инфрақұрылым мен химияға дейінгі салалардың кең ауқымын қамтиды. Бастамалардың көпшілігі қайта өңдеу мен өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға бағытталған, бұл Қазақстанның қосылған құнды ұлғайту және заманауи, бәсекеге қабілетті экономиканы құру жөніндегі стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




