
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы облыс көлеміндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жалғыз салалық бақылаушы орган.
– 2025 жылы облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 561 нысан бар. Оның 301-і мемлекеттік бюджет есебінен, ал қалған 260-ы жеке қаражат есебінен жүргізілуде. Жыл басынан 110 құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 84 нұсқама беріліп, 224 әкімшілік іс қозғалды. 191 тапсырыс беруші, 20 мердігер мекеме, 6 жобалаушы, 4 сараптама ұйымы, 7 техникалық және 6 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, айыппұл құны – 53 152 844 теңгені құрады. Аталған тексерулердің нәтижесінде бір техникалық қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынумен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды. Сонымен қатар құрылыс монтаждау жұмыстарын сапасыз, құрылыс нормалары мен ережелерінен ауытқып орындаған 2 мердігер, 6 жобалаушы мекемелер Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодекстің 312-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек «Шу қаласы ЖЭО-ның түтін мұржасын қайта жаңарту» обьектісінің жұмыс жобасына берілген сараптама қорытындысы бойынша сараптама ұйымы «Сараптама Consulting» серіктестігіне аталған Кодекстің 317-1 бабының 2-тармағына сәйкес, №KZ24VWC00199013 санды аккредиттеу туралы куәлігінен айырып, 2 752 400 тенге мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Айтқазы Дәулетқұлұлы.
Профилактикалық жұмыстар бойынша басқарма өз құзіреті шегінде тек бақылау жүргізіп қана қоймай, құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды да қарқынды жүзеге асыруда.
Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына қатысты тапсырыс берушілердің ұсынымдарына сәйкес құрылыс нысандарына жалпы 122 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына ескертілсе, бүгінгі күнге дейін 17 лицензия берілген.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қоғамдық көлік: саны да сапасы да артып келеді
- 17 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді