«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді

46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді
gov.kz
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

13 сәуірде Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының тұрғыны полицияға арызбен жүгінген. Оның жайылымнан 81 бас асыл тұқымды ірі қарасының 39-ы қайтарылмаған. Келтірілген материалдық шығын 46 миллион теңгеден асты.

Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында болған жағдайдың мән-жайы белгілі болды. Малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді.

Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде аталған азаматтың қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мал өз иесіне қайтарылды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, мүлкін мұқият бақылауға және кез келген күмәнді жағдайлар туралы уақытылы хабарлауға шақырады. Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті тек бірлескен күш-жігер арқылы қамтамасыз етуге болады.

Ұқсас жаңалықтар