«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Деннің саулығы тіс күтімінен басталады

Деннің саулығы тіс күтімінен басталады
Ашық дереккөз
«Бірінші байлық – денсаулық» дейміз. Біле білсек, денсаулық басымыздағы – алтын тәжі. Денің сау болмаса, өмірдегі байлық та, мансап та, атақ та керек емес. Бәрінен мақұрым қаласың. Ал денсаулық – ең бірінші тіс күтімінен басталады. Себебі аурудың 90 пайызы ауыз қуысындағы ақаулардан зардап шегеді.

Бала күнімізде «Тіс ауырса, іш ауырса, апам дәрі береді» деп тақылдап өлеңдетуші едік. Бүгінгі дамыған заманда тіс ауырса тек дәрі ішіп қана қою көмектеспейді. Әуелі тістің не себепті ауырғанын білу әрі іріңдеген тісті жұлдыру үшін тіс дәрігеріне бару – маңызды. Елімізде кішкентай бүлдіршіндер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге тісті емдету тегін. Әрбір ата-ана ақылы медицинаға жүгіне ме, әлде тегін көріне ме өз еркі. Қазіргі заманда бұрынғыдай дәрі ішіп, не тұз басып, тіс ауырса таңды атырмайсыз. Не көп, тіс емдейтін клиника көп. Тек ең жақсысын, сапалысын таңдасаңыз жеткілікті. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде деген рас. Бірде тісім салқын тисе де, ыстық тисе де қақсап ауырғанда басым ауырып, мазамды алды.

«Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында тісті ауыртпай емдейтін әрі бағасы да қарапайым халыққа қолжетімді «Merkuri dent» деп аталатын тіс емханасы бар» деген соң, сонда емделуге бардым. Меркури есімді дәрігердің қолы жеңіл, тісті жақсы емдейді деген соң тікелей сонда тарттым. Содан не керек, «Merkuri dent» дәрігерлік емханасына кезекке тұрдым. Кезекте тұрған үлкенді-кішілі адамдардан «Меркури дәрігер қалай емдейді?», – деп сұрағанымда, «Алтын қолды стаматолог, тісіңді ауыртпай жұлады, емдейтін болса емдейді. Тіпті тіс протезін де салып береді, бесаспап, өз мамандығын жақсы меңгерген, біз Тараздан да, Алматыдан да арнайы іздеп келеміз», – деп ризашылықпен әңгімелерін айтты.

«Халық айтса, қалып айтпайды» деген. Айтса айтқандай екен. Кезегім келіп, ішке кіргенімде жылы шырайлы, сөзі адам жүрегіне майда тиетіндей, жүзінен шуақ шашып амандасқанда тісімнің ауырған жері бір сәтке басылғандай болды. Іштей ризашылығымды білдіріп, тісімнің ауырғанын айттым. Тісімді көргеннен кейін емдеуге келмейді, жұлу қажеттілігін ескертті. Мен өзіңіз біліңіз деп сеніммен отырдым. Залалсыздандырғаннан кейін тісімнің қалай жұлып алғанын сезбей де қалдым. Сосын сұрақтарымды қойып, өзара әңгімеге тарттым.

– Біз отбасымызбен тіс дәрігерлеріміз. Әкем Асланби Акилов 40 жыл «Тістің королі» атанған ақ халатты абзал жан. Тәжірибелі жан. Ағам Биберд те, мен де, қарындасым Назерке де әкемнің ізін жалғаған дәрігерлерміз. Тіс клиникасын әкем менің атыммен атаған. Мен туылар кезде әкеме түсінде аян беріліпті. Сол себепті есімімді Меркури қойған. Дұрыс шайнамаған ас, асқазанға түскен тас. Сол себепті ас ішкенде, тағам жегенде асықпай шайнап жеген дұрыс. Сау тіс адамның ажарын да келтіріп тұрмай ма?! Жалпы, ішкі құрылыстың ауруы ауыз қуысының тазалығында, тістің саулығына байланысты. Тісі ауырған адамдар басқа дәрігерлерге бармайды, бізге келеді. Себебі қолың жеңіл деп айтады. Менің клиникам әкелі-балалы әулеттің тұтастағын көрсетеді. Көпке үлгі деп ойлаймын. Біздің халық тісі жанына батқанда келеді. Басқа жұрттар ондай емес. Денсаулыққа күтіммен қарап, тіс ауруының алдын алған дұрыс. Сіздерден өтінерім – тісіңіз ауырмай тұрып жылына екі мәрте тексерілуге келіңіздерші. Алла берген тісіңізді сол кезде ғана сақтап қала аламыз. Тісте ұзақ өмір сүргісі келеді. Тіс ауруларының алдын алу ана құрсағында жатқанда-ақ басталады. Тіс ауруларының түрлері өте көп. Жиі кездесетіндеріне тоқталайын. Мәселен, пульпит – тіс ұлпасының қабынуы. Тіс жегісі асқынып, микробтардың ұлпаға енуінен болатын дерт. Тіс өте қатты ауырып, мазаны алып, бас, құлақ, самай тұстарын қақсатады, түнгі ұйқыдан айырады. Аурудың жедел, созылмалы және асқынған созылмалы түрі де кездеседі. Тіс кариесі – тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы, өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді. Клиникамызда алдын ала кеңес береміз, емдейміз, жұлу керек болса жұламыз, коронка саламыз, тістің қисықтығын түзейміз. Лаборатория ішімізде. Келген науқасқа кеңес беріп, тісін тексеріп, рентгенге түсіреміз. Құрал-жабдықтарымыздың бәрі соңғы технология бойынша жабдықталған. Тіс құрттары қан арқылы әуелі жүрекке, содан соң бүйрекке барады. Тіс ауруымен ойнамаңыздар. Дәрі ішіп, қойып қалды деп жүре беруге болмайды, – дейді Меркури Акилов.

Клиниканың негізін қалаушы Асланби Акилов көп жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан нағыз майталман маман. Ұлы Меркури де он жылдан бері тісті емдейді және протез салады. Ағасы Бибердт пен қарындасы Назерке де тіс дәрігерлері.

– Бізге әулет боп жұмыс істеген тиімді. Кәсіби тұрғыдан даму мүмкіндігі бар. Әкем істің қыр сырымен бөлісіп отырады. Сөйлеу үшін де тіс керек. Күлу үшін де тіс керек. Тамақ жеу үшін де тіс керек. Жүрек, асқазан, сүйек ауырса, адам біраз дәрігерге бармай жүре бере алады. Ал тіс ауырса, бүкіл жұмыс, тірлік, жоспар жайына қалады. Тіс ауырса жедел-жәрдем шақыра алмайсыз. Тек ақылы негізде көрінесіз. Сондықтан ауырмай тұрып денсаулықтың, қартаймай тұрып жастықтың қадірін білген дұрыс. Басқа-басқа тіс ауырмасын. Тіс ауырса кішкентай бала тұрмақ үлкеннің де мазасы қашады. Тіс ойылса, эмалі мен дентині опырылып, қуысындағы қан тамырлары мен нерві зақымдалады. Ауыз қуысындағы микробтар оларды қабындырады, сөйтіп тіс ауруы асқына түседі. Тіс ойылып пульпитке ауғанда, тістің қуысындағы заттар шіріп, ауыздан жағымсыз иіс шығатын болады. Тістің нервісі мен қан тамырлары қабына бастаған кезде, емдете қойса, тісті аман алып қалуға болады. Кейде тістің нерв пен қан тамырларының немесе тіс түбірі ұясының қабынып ауырғаны ұзаққа созылса, олардың іріңі, бактериялар мен уы қан арқылы денеге тарайды. Мұндайда адамның тұла бойын ірің жайлап ауырады, жүрек, бүйрек, бауыр тәрізді жеке ағзалары қабынып іріңдейді. Кейбір адамдар тістерін күнделікті тазартпайды, ойылған тістерінің арасына ішкен тамағы тығылып, микробтардың ұясына айналады, әлгіндей тығылып шіріген қалдықтың бір миллиграмында 800 миллиондай микроб болады. Қай жасқа келсе де адам ауыз қуысының тазалығы мен саулығына ерекше көңіл бөлуі қажет. Сондықтан әрбір азаматтың тісі ауырмаса да, тіс дәрігеріне жылына екі рет көрініп тұрғаны жөн, – дейді Меркури Асланбиұлы Халық тісін емдеткісі келеді ғой.

Дегенмен, Таразда жалақы мөлшері аз болғандықтан бір тісті емдетудің өзіне айлығыңның жартысы кетеді деген сөз. Көпшілік қауым жаны шырқырап ауырғанда баратыны да сондықтан. Алдын ала емдетейін десе аз айлығын азық-түлік пен коммуналдық төлемдерге, балаларына жұмсайды. Ал тіс емдетудің бағасы шынымен де Қазақстан бойынша шарықтап тұр.

Мемлекеттік сақтандыру жарнасынан да қайыр жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі стоматологиялық қызмет баршаға бірдей қолжетімді емес. Оны халықтың белгілі бір әлеуметтік осал топтары ғана ала алады. Әлеуметтік осал топқа балалар мен екіқабат әйелдер жатады.

Сондай-ақ олар күнделікті стоматологиялық күтім алуға хақылы. Бұдан бөлек тісі қатты ауырған жағдайда азаматтардың он санаты үшін бұл қызмет қолжетімді. Зейнеткерлер, мүгедектер мен оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, соның ішінде мүгедек балалар немесе бірінші топтағы мүгедектер, әлеуметтік маңызды және жұқпалы ауруға шалдыққан науқастар, көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және тағы да басқалар бар. Ал басқа санатқа ештеңе жоқ. Басқамызға пломба салу, анестезия, тісті жұлу үшін қаражат керек. Әрқайсысына бөлек төлейсіз. Дегенмен, «Merkuri dent» клиникасының бағалары қолжетімді. Арнайы халықтың Тараздан осы стамотологияны іздеп баратыны да сондықтан.

Бастысы, сапалы ем көрсетеді. Майра Төлендиева салық басқармасында қызметкер. Кейде тісін емдете алмай жүргеніне ашуланады.

– Ай сайын медициналық сақтандыруға не үшін қаржы төлеп отырмын? Ешқандай дерлік медициналық қызмет түрін тегін ала алмаймын. Стоматологқа тегін баруым үшін неліктен жүкті болуым керек? Мемлекеттік емханадағы дәрігерлерге, ультрадыбыстық және басқа да зерттеулерге кезек көп. Амалсыздан ақылы қызметті таңдаймыз. Ендеше, медициналық сақтандыруға ақы төлеудің қажеті қанша? Енді Сарыкемердегі тіс емханасының қызметіне тоқталайын. Қызым барып емдетті. Тараздағы ақылы емханаларға қарағанда екі есе арзан екен. Маған ұнағаны екі жыл болды қызымның тісі ауырған емес. Пломбасы да түспеді, – дейді Майра Жалғасқызы.

Тіс ауырса бүгінде апамның не атамның халық емі көмектеспейді. Көмектессе де уақытша ғана. Арты созылмалы ауруға апармас үшін ауырып ем іздегенше, ауырмаудың амалын жасау әлдеқайда тиімді. Енді тісім ауырмасын десеңіз, оны күтіп, дәрігерге көрініп, алдын ала кеңес алып тұрған абзал.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА.

Ұқсас жаңалықтар