«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын

Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
Ақәділ Рысмахан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана Қазақстан халқына жасаған Жолдауында елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін алға тартқан еді.

«Көзге оттай басылатын нәрсе: елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция тіпті, жетім бала сияқты үш-төрт мекемеге ортақ мәселе болып, өз жолын таппай жүр», – деп маңызды жиында Президент өз ойын ашық айтқан болатын.

Инвест жобаларды жүзеге асыру тұрғысында біздің Жамбыл облысы республика бойынша алдыңғы шепте деп есептеймін. Себебі облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтың бастамасымен, аймаққа алыс-жақын шетелден көл-көсір инвестиция құйылып жатыр. Бәрі де өңірдің өріс алып, қанат жаюына қажетті тың жобалар. Соның бір дәлелі – бүгін бастау алған қант қызылшасын өңдейтін алып зауыттың құрылысы.

Бұл Қазақстанда тәуелсіздік жылдары салынып жатқан алқашқы қант зауыты екен. Жобаның инвесторы – аспан асты елі. Құйылған қаржы көлемі шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды. Осылайша жаңа зауыт іске қосылса, жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеуге мүмкіндік туады. Бұл дегенің жамбылдық шаруалар бұдан бұлай жиын-терінде еккені мен өсіріп-баққанын, елеп-екшеп тапқанын далаға шашпайды деген сөз.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың өзі арнайы атбасын бұрып, басынан табылған игі іс өміршең болатынына сенім мол. Үш онжылдықтың күремеулі болған мәселесі сәтті шешім тапқанына бек қуаныштымыз!

Жаңабай Миллионов,

Ардагер журналист, облыстық  «Ғұмыр-Дария» газетінің директор-бас редакторы

Ұқсас жаңалықтар