Құқық
Таразда кезекті рет «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2025
- 4.3k
Еркін өмірге жолдама алған сотты болған азаматтар үшін «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының маңызы зор. Өйткені, жазасын өтеушілерді әлеуметтік бейімдеу және қылмыстың алдын алуды көздейтін жоба шеңберінде арнайы контингент өкілдеріне жан-жақты ақпарат беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек құқық қорғау қызметкерлері тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі.
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты тараздық ер адам босатылды. Бұл күні 44 жастағы азаматқа дәл осы жоба аясында көмек көрсетіліп, қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертілді.
Айта кетейік, С есімді азамат бірер жыл бұрын Тараз қалалық №2 сотының үкімі негізінде Қылмыстық Кодекстің 120-бабы 1-бөлігімен және 149-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




