Тұмау кезінде созылмалы аурулар күшейеді, сонымен қатар тұмаудың кең ықтимал асқынулары бар. Олар өкпенің асқынуы пневмония мен бронхит. Пневмония көп жағдайда тұмаудан өлімжітімге әкеледі.
Ықтимал асқынуларды болдырмау үшін тұмаудың алдын алуды уақытылы жүргізу және аурудың өзін дұрыс емдеу маңызды. Тұмау әдетте кенеттен басталады. Аурудың қоздырғыштары, А және В типті вирустар агрессивтілігімен және өте жоғары көбею жылдамдығымен сипатталады. Сондықтан инфекция жұқтырғаннан кейін бірнеше сағат ішінде вирус тыныс алу жолдарының шырышты қабығының терең зақымдалуына әкеледі. Бұл – бактериялардың дамуына мүмкіндік береді.
Тұмау белгілері: дене қызуының 37,5-39°С көтерілуі, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардың ауруы, қалтырау, шаршау, жөтел, мұрыннан су ағуы немесе мұрын бітелуі, тамақ ауруы және қышу. Науқаста алғашқы белгілері пайда болған кезде басқаларға жұқтырып ғана қоймай, емдеуді уақытында бастау үшін үйде болуы керек, ол үшін дереу дәрігерге жүгіну керек. Ата-аналар ешбір жағдайда тұмау жұқтырған балаларды балабақшаға, мектепке, мәдени іс-шараларға жібермеу қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұстанымына сәйкес, тұмауға қарсы ең тиімді құрал – вакцинация. Өйткені дәл осы эпидемиологиялық маусымда тұмау вирусының түрлерінен қорғауды вакцина қамтамасыз етеді. Тұмау маусымы басталмай тұрып, тұмауға қарсы екпе алыңыз. Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіңіз. Өз денсаулығыңызды күтіңіз.
Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу жолдары:
1. Профилактика әдістерінің бірі науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу. Адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес жылы киіну қажет.
2. Халық көп жиналатын жерлерде сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезінде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі керек.
3. Науқас үйде болғанда оны оқшаулау керек, бөлмені жиі желдету және барлық беттерді сүртіп, ылғалды жинау жүргізу керек, науқасқа жеке ыдыс бөліп, оны тұрақты түрде өңдеу керек.
4. Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі әсіресе ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жиі жуу керек.
5. Тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрастылы себезгі мен бассейнді пайдалануға дейін ағзаны шынықтыру қажет.
Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті. Сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге көріну қажет...
Тұмауға қарсы кімге екпе тегін салынады
• 18 жасқа толмаған созылмалы ауруы бар балаларға;
• Медицина қызметкерлеріне;
• Жүкті әйелдерге;
• Жабық үлгідегі мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, мектеп интернат);
• Созылмалы ауруы бар мүгедек ересектерге;
• 65 жастан асқан азаматтарға.
Батырбек УСЕНБАЕВ
аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ұлт саулығы - бәрінен биік!
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




